Айт келін
|
|
Lirycs
Ақ бетіңді езгілеп, Бояй көрме, келіншек. Етегіңді кескілеп, Тонай берме, келіншек. Жуа сал деп еденді, Жорғалама, келіншек. Айналдырма енеңді, Қолбалаға, келіншек.
Қайырмасы: Ха-ла-ла-лау, айт келін, Ха-ла-ла-лау, тәйт келін. Айналдырма енеңді, Қолбалаға, келіншек.
Тайталасып еріңмен, Шарап жұтпа, келіншек. Дәм кетеді еріннен, Бола берсең көңілшек. Жалбаң қағып шалпылдап, Жайдақтама, келіншек. Жасы үлкеннің алдында, Тайраңдама, келіншек. Қайырмасы.
Айт, келін-ау, айт, келін! Айтатын сөз көп келін. Кейбір кесір әйелдің, Әдетінен қайт келін. Бұзылар деп сымбатың, Селтең қақпа, келіншек. Сәбиіңді жылатып, Сүттен қақпа, келіншек. Қайырмасы.
|
Notes
|
Айтшы, ақ еркем
|
|
Lirycs
Жанында алтын арай арманы бар, Жан едім жарқыраған таңға құмар. Аңсары жас жүректің ауды саған, Мезгіл бар ма тынар, айтшы, ақ еркем!
Қайырмасы: Ай, жан қалқа, жан қалқа, Таң боп атшы маған, жан қалқа, Жадыратшы мені, жан қалқа!
Аңсайтын дос құшағын бірдей ашып, Жан едім жарқыраған гүлге ғашық. Күн күлкің, гүл құшағың, балдай ернің Болады кімге нәсіп, айтшы, ақ еркем! Қайырмасы.
Болғанда сіз бір аққу, мен бір сұңқар, Аққуға асығады жүрек тұлпар. Аруды айдындағы бір ілмей-ақ, Өтем бе болып іңкәр, айтшы, ақ еркем! Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақ ерке
|
|
Lirycs
Таң шолпаны табыстың қай күні маған, Жас құшағын жаздым да жайдым саған. Асқарлы асу Алатау жатыр әне, Сол асудай арман бол айрылмаған.
Қайырмасы: Айналайын, алтынайым, жан еркем, Күнім болшы, күліп шыққан таңертең. Ай, ай жан еркем, Көңілімдегі күйдей күтсін бар өлкем.
Жаз еркесі айдынның аққуындай, Қай күн әкеп берді екен бақты мұндай, Жанарында жарқ еткен жарқын өмір Жаңа ғана гүл атқан жастығымдай. Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақ босаға
|
|
Lirycs
Қыз аттаған, келін кеп, ақ босаға, Ақ босаға, мерейлі бақ босаға. Қасиетті халқымның дәстүріне, Куә боп ғасырлар жатты осы ара.
Қайырмасы: Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл-дария секілді пейілдері-ай. «Абысын тату болса, ас көп» деген, Мақалдың айтылуы тегін бе еді.
Қариялар батасын береді екен, Бата деген ақ тілеу керек екен. Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек, Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.
Қайырмасы: Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл дария секілді пейілдері-ай. Бір шаңырақ келінсіз көтерілмей, Бір кереге келінсіз керілмеді.
Татулықпен тамсантқан ауылымды, Ардақ тұтқан аға-іні, бауырымды. Ізеті мол қазақтың келіндері, Бағалаттың баршаға қадіріңді.
Қайырмасы: Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл дария секілді пейілдері-ай. Сол келіндер арқасы, босағадан, Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.
|
Notes
|
Аққу
|
|
Lirycs
Шынықтырып топшысын дауылына, Қауырсынын қаратып жауыныңа, Аққу қайтып оралар айдынына!
Айлы түнде қатарын созып ұшып, Аңшылардың оғынан озып ұшып, Аққу қайтып оралар айдынына!
Туған жерге тойған жер жетеді ме?! Отансыздар опық жеп өтеді де! Аққу қайтып оралар айдынына!
|
Notes
|
Аққуым
|
|
Lirycs
Аққуым аспанда емес, жерде менің, Үніне тоқсан түрлі тербелемін. Келгенде шын айтуға, сыр айтуға, Болып жүрген көктен алыс жер дегені.
Қайырмасы: Сен жырлайсың гәкку деп, Мен жырлаймын аққу деп. Саған ғана құмармын, Болса-дағы аққу көп.
Аққуым аспанда емес, жер бетінде, Сұлулық тұр тояттап көл бетінде. Сол болып түн ұйқымды төрт бөледі, Оятып таңда бұлбұл, жел де түнде. Қайырмасы.
Қайтейін, төзем-дағы мен дертіме, Тимесін аққуымның жел бетіне. Дауысын жүрегімнің естіп бірде, Әндетіп жүрсе болды жер бетінде! Қайырмасы.
|
Notes
|
Ақ мақта
|
|
Lirycs
Жан едім көп сенімін, серт ақтаған, Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан. Менде бір ауылымның жұлдызымын, Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.
Қайырмасы: Еңбегіңмен ер боп ақта, Еліміздің үмітін. Алтын мақта біздің жақта, Кел ауылға, жігітім!
Құрбыжан, қарай берме көп қадалып, Әзіл сөз сен жөнінде жүр таралып. Алыстан сығаламай ауылға кел, Теруге ақ мақтаны бір баралық. Қайырмасы.
Елімнің көңіліндей кең даламыз, Кел, біздің аулымызға қарсы аламыз. Толқыған ақ алтынның ортасында, Шырқатып мақта деген ән саламыз. Қайырмасы.
|
Notes
|
Жағадағы ару қыз
|
|
Lirycs
Теңселеді көк теңіз, Шарықтайды шағала. Асығады толқындар, Асығады жағаға.
Өңкей асыл күмістер, Күн көзінде ойнайды. Жағадағы ару қыз Әлденені ойлайды.
Жүрегінде арудың, Дауыл әлде бар ма екен? Неге сәл-сіл мұңайып, Неге ойланып қалды екен?
|
Notes
|
Жайлаукөл кештері
|
|
Lirycs
Алаулап күн батса қырды асып, Кетуші ек, қалқатай, сырласып. Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені, Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері.
Ай туып, жұлдыздар жанғанда, Қол созып көктегі арманға. Жүрген кез жүректен, жүректен қшпеді, Жақсы еді-ау, дариға, Жайлаукөл кештері.
Мүлгіген тыныштық айнала, Шу бойы ырғалып жай ғана. Гүлдерді тербетіп самалдың ескені, Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері.
|
Notes
|
Жайлауым бақша
|
|
Lirycs
Шаттықпен саяхатта әнге салам, Қынама гүл будасын қолыма алам. Шарықтап қиял тербеп, көңіл сергеп, Тек қана өз бақшамда рахаттанам.
Қайырмасы: Жайлауым бақша жайнаған, Бұлбұлы болам сайраған. Бақшама сый қып тартарым, – Шырқата салған әдемі ән.
Суы бал, көк майсасы белуардан, Келсең кел деп алқабы құшақ жайған. Жанға жай, төрт түлікке қоңыр салқын, Басқада мұндай жайлау болсын қайдан? Қайырмасы.
|
Notes
|
Жамбыл жастарының вальсі
|
|
Lirycs
Көркіңді көріп сүйінем, Жасампаз қала – Жамбылым. Шырқаған көңіл күйімен Арналсын әсем ән-жырым.
Қайырмасы: Қойылған сәтті өзіңе Жамбыл деп даңқты ұлы есім. Өмірге дарқан сенің де Ғажайып қосқан үлесің.
Көркейткен жайсаң жерімді, Кенім бар бақыт-берекем. Кенелткен байтақ елімді Ақ алтын дәнге сол екен.
Қайырмасы: Сәулетті, сәнді, тұрмысты, Байлығың шалқар шалқыған. Ақпейіл, азат, ырысты Айналдым туған халқымнан.
Алатау менен Қаратау Тоғысқан жері – тұрағың. Сімірсем суың шәрбат-ау, Мөлдіреп ерке бұлағың.
Қайырмасы: Қанатын жайып жас орман, Үйлерің өскен жараса, Жыл өткен сайын жасарған Жамбылым қандай тамаша!
|
Notes
|
Жанарым
|
|
Lirycs
Сапар шексем алысқа, Сен жанымнан қалмайсың. Қиындықта қалыспай, Қиялымды жалғайсың.
Мол бақыттың жайында Сырласумен айта алдық. Қарағай мен қайыңдай Қатар тұрып жайқалдық.
Қайырмасы: Сәулем, сәулем, сәулем, Кір шалмаған арымсың. Сезімдегі жалынсың, Басымдағы бағымсың. Домбырамның үні сен, Жүрегімнің жыры сен, Жанарымның нұры сен!
Көзің сенің мөлдір көл, Тымық күйде жолықтым. Шарасынан сол бір көл Төгілер деп қорықтым.
Домбыраға тағылған Егіз ішектей жұптастық. Үміт алда жағылған Келешекке нық бастық. Қайырмасы.
Күндіз күлген Күнімсің, Түнде туған Айымсың. Жайнап тұрған гүлімсің, Ойға шомған қайыңсың.
Жаз орнатқан жаныма Сәулем – сұлу сезімсің. Жарық күнді сыйлаған Жанарым да өзіңсің! Қайырмасы.
|
Notes
|
Жан сәуле
|
|
Lirycs
Жан сәулем, асыл бейнең көз алдымда Көргенде нұр жүзіңді төзе алдым ба?! Әніңе жаным құмар, Қол жетпес сен бір шынар. Қол жетпес арман бір күнің, Шырқашы, сәулем, Шырқашы, сәулем, Ән болып өтсін бұл жылың, Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!
Өзгеге қайтіп сені қия аламын, Бір өзің жүрегімде ұяладың. Күн болшы аспаныма, Нұр толсын жас жаныма. Бақытым сенсің жалғанда, Шырқашы, сәулем, Шырқашы, сәулем, Әлемді әнмен таңданта, Шырқашы, сәулем, жан қалқа!
Қайтейін, бұл жүрегім күйсін-жансын, Махаббат белгісіндей әнім қалсын. Әніңе жаным құмар, Қол жетпес сен бір шынар. Қол жетпес арман бір күнің, Шырқашы, сәулем, Шырқашы, сәулем, Ән болып өтсін бұл жылың, Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!
|
Notes
|
Жаңа жыл әні
|
|
Lirycs
Шашуындай даланың, Жалтылдайды күміс қар. Қоңырауындай қаланың, Сыңғыр-сыңғыр хрусталь.
Қайырмасы: Тұңғыш балаң туғандай, Қуанышты күн қандай. Көтерілсе, желпінсе, Көңіл қайтер нұрланбай.
«Ақ қайнарлар» бұрқылдап, Атылғанда аспанға. Кәриялар қутыңдап, Қол соғады жастарға. Қайырмасы.
Туған Отан, халқымыз, Жырмен бастап жыл басын. Жеңіс – елдік салтымыз, Еңбегімен жырласын. Қайырмасы.
|
Notes
|
Жаңа жыл кешінде
|
|
Lirycs
Аппақ бүгін қыр, дала, Ақ дастархан жапқандай. Халық біткен қарбалаң, Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш, Әрбір көзде жақсы үміт. Келер жылға мың алғыс Әкелген көп жаңалық.
Қайырмасы: Жаңа жыл құтты болсын, орта толсын, Қуаныш бәрімізге ортақ болсын. Іске ассын жақсы армандар, тәтті үміттер, Тек қана жаңа жылда жақсылық көр!
Жаңа жылда алдағы, Көңіл өссін, кеңейсін. Ортақ ойы, арманы, Жақсы достар көбейсін.
Оқ атпасын ешкім де Өмір деген тым ыстық. Жұмыр жердің үстінде, Бұзылмасын тыныштық. Қайырмасы.
|
Notes
|
Жар-жар біздің жаңаша
|
|
Lirycs
Жігіт: Кәне достар, жолдастар, той басталық, Той бастамай, қызыққа тоймас халық. Жаңғыртайық жар-жарды жаңаша біз, Жаңа тілек, жаңа өмір, жолды еске алып.
Хор: Жар-жар біздің жаңаша, Келін қандай тамаша. Кәне, бетін ашайық, Көрімдігі жараса, Көп халайық қаласа, қаласа.
Жігіт: Анау тұрған атақты ақын ағаң, Жұрт аузында өлеңі жарқылдаған. Той серісі, елінің еркесіне Сәлемің бар, жас келін, айтылмаған.
Хор: Сәлем біздің жаңаша, Келін қандай тамаша. Ақын аға риза, Жақсы көзбен қараса, Қарауға ақын жараса.
Жігіт: Бәрекелді, той сәнін жаңа тапты, Ғалым мынау жинаған бар атақты. Келін қалқам, көзіңнің қиығын сал, Сәлем берер ме екен деп қарап қапты.
Хор: Сәлем біздің жаңаша, Келін сондай тамаша, Бердің сәлем ғалымға, Ғалым сәлем ала алса, Көрімдігін таба алса.
Жігіт: Ел иесі, ал мынау ел беделі, Елімізге атақты Еңбек ері, Келін сәлем береді арнап сізге, Ең құрметті аға деп, ең кәделі.
Хор: Келін қандай тамаша, Сәлем бүгін жаңаша, Сол сәлемді жолдаймыз Ер кәдеге жараса, Қуанамыз балаша.
Келіншек: Ау, күйеужан, күйеужан, кел жақында, Біздер айтқан құлақ сал сен де ақылға. Адыраңдап, «алдым» – деп, арды ұмытсаң, Күйеу түгіл, жараспас ер қалпыңа.
Хор: Жар-жар біздің жаңаша, Келін сондай тамаша, Қыз жарайды күйеуге, Күйеу қызға жараса, Шын жүрегі қаласа.
Келіншек: Ақылымды еркежан, саған да айтам, Білімдісің, жан жетпес бағаңды айтам. «Өзі болған қыз төркінін танымастың» Қалпын істеп жүрмегей қайран қалқам!
Хор: Жар-жар біздің жаңаша, Күйеу сондай тамаша, Күйеу қызға жарайды Қыз күйеге жараса, Жүрегіне баласа.
Хор: Бәрекелді, той болды ең ғажайып, Екі ғашық, ел сүйген ерлі-зайып. Мәңгі мұндай салтанат сарқылмасын, Махаббатты мадақтап жыр жазайық.
Жар-жар біздің жаңаша, Жыр жырлаймыз жараса, Тойдың көркі қыз-жігіт Көз тоймайды қараса, Бола берсін осылай Тағы талай тамаша! Тамаша!
|
Notes
|
Жар сағынышы
|
|
Lirycs
Аттанарда тың жерге: «Аз күн ғой» ғой деп жұбаттым. Өтті талай күндер де, Бір көруге құмарттым.
Махаббаттың сәулесін Құя берші жүрекке. Сағындым ғой, сәулешім, Келші жақын, жүдетпе.
Кездесер күн жадымда, Ол кез әлі жырақ тұр. Тек сен болсаң жанымда, Бәрі маған ұнап тұр.
|
Notes
|
Илигай
|
|
Lirycs
Кел деп едің, Илигай, келіп тұрмын, Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын. Сертке тұрсаң мен сендік жаным құрбан, Сырым осы, сертімді беріп тұрмын.
Айналайын қарағым, қара қасым, Қара мақпал жібектей қара шашың. Баласындай еліктің егілемін, Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым.
Илигай деп атыңды қойдым таңдап, Әнге қостым атыңды әдейі арнап. Еркін таудың еркесі, елік болсаң, Мен де өзіңдей жалғызбын ерке саңлақ.
|
Notes
|
Ыңғай-ау
|
|
Lirycs
Күлімдеген көзіңнің жанарынан, Айдын көлдің ақ бетің ажарындай, ыңғай-ау, өзің де білші жұбай-ау. Күндіз-түні үйіңнен ат кетпейді, Орынбор мен Текенің базарындай ыңғай-ау, өзің де білші жұбай-ау.
Мен шыққанда ауылдан бесін еді, Алма мойын ақ сұр ат есіл еді, ыңғай-ау, өзіңде білші жұбай-ау. Сен есіме түскенде, беу, қарағым, Бір жадырап көңілім шешіледі, ыңғай-ау, өзіңде білші, жұбай-ау.
|
Notes
|
Ой көк
|
|
Lirycs
Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген. Сол қыздың сұлулығын мен айтайын, Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.
Қайырмасы: Ой, көк, апырым-ай, Жастық дәурен өте ме-ай?!
Сол қызды бір көргеннен болдым ғашық, Сөйлесіп көрісуге көңіл ашық. Сүймейді сұлу қызды қандай адам, Тұрғанда туған айдай нұрын шашып! Қайырмасы.
|
Notes
|