-
Жан сәуле
-
Жан сәулем, асыл бейнең көз алдымда
Көргенде нұр жүзіңді төзе алдым ба?!
Әніңе жаным құмар,
Қол жетпес сен бір шынар.
Қол жетпес арман бір күнің,
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Ән болып өтсін бұл жылың,
Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!
Өзгеге қайтіп сені қия аламын,
Бір өзің жүрегімде ұяладың.
Күн болшы аспаныма,
Нұр толсын жас жаныма.
Бақытым сенсің жалғанда,
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Әлемді әнмен таңданта,
Шырқашы, сәулем, жан қалқа!
Қайтейін, бұл жүрегім күйсін-жансын,
Махаббат белгісіндей әнім қалсын.
Әніңе жаным құмар,
Қол жетпес сен бір шынар.
Қол жетпес арман бір күнің,
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Ән болып өтсін бұл жылың,
Шырқашы, сәулем, бұлбұлым! -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары