Көңіл толқыны
Секен Тұрысбеков
  • Айтшы, ақ еркем

  • Жанында алтын арай арманы бар,
    Жан едім жарқыраған таңға құмар.
    Аңсары жас жүректің ауды саған,
    Мезгіл бар ма тынар, айтшы, ақ еркем!

    Қайырмасы:
    Ай, жан қалқа, жан қалқа,
    Таң боп атшы маған, жан қалқа,
    Жадыратшы мені, жан қалқа!

    Аңсайтын дос құшағын бірдей ашып,
    Жан едім жарқыраған гүлге ғашық.
    Күн күлкің, гүл құшағың, балдай ернің
    Болады кімге нәсіп, айтшы, ақ еркем!
    Қайырмасы.

    Болғанда сіз бір аққу, мен бір сұңқар,
    Аққуға асығады жүрек тұлпар.
    Аруды айдындағы бір ілмей-ақ,
    Өтем бе болып іңкәр, айтшы, ақ еркем!
    Қайырмасы.

  • Category:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары