-
Жағадағы ару қыз
-
Теңселеді көк теңіз,
Шарықтайды шағала.
Асығады толқындар,
Асығады жағаға.
Өңкей асыл күмістер,
Күн көзінде ойнайды.
Жағадағы ару қыз
Әлденені ойлайды.
Жүрегінде арудың,
Дауыл әлде бар ма екен?
Неге сәл-сіл мұңайып,
Неге ойланып қалды екен? -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары