Үкілім-ай
|
|
Lirycs
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы, Жағасында жайқалған жапырағы.
Қайырмасы: Үкілім-ай, көкем-ай, Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай. Қайырмасы.
Ата-анамды сағынып әнге салдым, Бауырымның хабарын алмағалы. Қайырмасы.
Ақ қағазға хат жаздым қалам алып, Жүрек сырын қозғалтып әнге салып. Қайырмасы.
Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай, Шалға кетіп қор болдым, есім танып. Қайырмасы.
|
Notes
|
Еркем-ай
|
|
Lirycs
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын, Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.
Қайырмасы: Еркем-ай, Бүгін болған мерекең Болсын тағы ертең-ай.
Қайда жүрсем жақсының жанындамын, Іздегенмен жаманға табылмаймын.
Әншілердің серігі домбыра ма, Тарта берсең домбыра болдыра ма.
Домбыраны баппенен қолға алып, Шарықтата әнге сал оң бұра да, еркем-ай, Бүгінгі күнің тамаша, Ертең бұдан көркем-ай, еркем-ай, Бүгін болған тамаша, Болсын тағы ертең-ай.
|
Notes
|
Маусымжан
|
|
Lirycs
Қыз қосылса теңіне жыламасын, Көздің жасын көл қылып бұламасын.
Қайырмасы: Маусымжан, Маусымжан, Танимын қалқам даусыңнан.
Екі жасты бақытты ете көр деп, Біздер бата берейік сұраған соң. Қайырмасы.
Айналайын қарағым, асыл айнам, Құрбыңызға болар ма тиер пайдаң. Қайырмасы.
Сүйгендіктен мен саған айтар сөзім, Ендігісін жан қалқа өзің ойлан. Қайырмасы.
|
Notes
|
Мұхида-шайбан
|
|
Lirycs
Дүние, өткенің бе, екі келмей, Табаны тарлан боздың гулер желдей. Өлеңді гулет десең, гулетейін, Қоңырдан қой өргізіп, көшкен елдей. Сағындым айнам, сағындым сені.
Өлеңді айт дегенде аял болмас, Жаныңды аялаған алмай қоймас. Алдыңнан бір шығады қиянатың, Дегені бұрынғының залал болмас. Сағындым айнам, Мұхида-Шайбан.
|
Notes
|
Гауһар тас
|
|
Lirycs
Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.
Қайырмасы: Беу-беу гауһар тас, Құсни, құрдас, Раушан жүзің көргенде Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан, Шолпандай таң алдында дара туған. Жылы су, қолда құман, қарда орамал, Жібекпен қызыл гәріс белін буған. Қайырмасы.
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң. Жай жүріп шаттанасың әсерленіп, Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған. Қайырмасы.
|
Notes
|
Гүлдарайым
|
|
Lirycs
Ақ көңіл ағызайын әннің майын, Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын. Астынан алты қырдың шыққан даусым, Жетсе екен құлағына қалқатайдың.
Қайырмасы: Ахау, Гүлдарайым, Күн мен айым. Ұшарға қанатым жоқ Не ғылайын.
Жаз шықты жадыратып майдың айын, Әніне шырқай кетті Гүлдарайым. Шығады ащы даусым әнге бассам, Қарағым, сені есіме алған сайын. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бүлдірген
|
|
Lirycs
Қонғаны ауылымның ой болса екен, Қорадан өріп шығар қой болса екен. Тілеуін екі жастың біз тілейік, Мереке, күнде осылай той болса екен.
Қайырмасы: Бүлдірген, қандай жақсы, Құрбылармен бір жүрген.
Қарағайлы, ендеше қарағайлы, Қарағайды көп жылқы аралайды. Жақсы-жайсаң осылай бас қосқанда, Бекер қарап отырған жарамайды. Қайырмасы.
|
Notes
|
Бір бидай – арпа
|
|
Lirycs
Ұшады аққу көлден майпаңдаған, Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған. Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай, Көзіңнен айналайын жаутаңдаған.
Қайырмасы: Бір бидай – арпа, Өзің біл қалқа.
Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы, Ұясы жануардың желге қарсы. Кеткенде аулың шалғай, тату қалқам, Төгілер орамалға көздің жасы. Қайырмасы.
|
Notes
|
Әпитөк
|
|
Lirycs
Басында биік таудың мұнары бар, Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк. Құрбылар, бұл қалай деп сөзге көрме, Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.
Қайырмасы: Тіл-хат жоқ, Ақша маңдай, қаракөз, Өзіңіздей бекзат жоқ. Тым болмаса, Хат пен хабар сөзің жоқ.
Басынан биік таудың мұнар кетпес, Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк, Кебістің жалаң аяқ басын киіп, Ей қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк. Қайырмасы.
|
Notes
|
Әупілдек
|
|
Lirycs
Қамысы Әупілдектің мүше-мүше, Сарғайдым осынау көлдің суын іше! Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе, Барар ем қалқа жанға әлденеше!
Жел соқты Әупілдектің қамыстарын, Айтады әркім көрген қасірет-зарын. Түседі қайғылыға қара тұман, Кім білер сол тұманның ашыларын?!
Еріксіз Әупілдекті мекен еттім, Жасым жас, жиырмаға жаңа жеттім! Айырған екі ашықты еңіретіп, Ісіне бар ма шара құдіреттің!..
|
Notes
|
Әсем әнім сырнайдай
|
|
Lirycs
Көзіңнен айналайын, қарақтарым, Секілді ақ қазина тамақтарың. Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар, Білмеймін қай жеріңе қонақтарын.
Қайырмасы: Ахау айым, Әсем әнім сырнайдай, Әлем сүйіп тыңдайды-ай. Тамылжытып ән салмай, Күнде думан болмайды-ай.
Көзіңнен айналайын қырғи қабақ, Ойнаған су бетінде сен бір шабақ. Салсам да алтын қармақ ілінбейсің, Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ. Қайырмасы.
|
Notes
|
Сусамыр – елдің жайлауы
|
|
Lirycs
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма, Сала берме көзіңді әр жақсыға.
Қайырмасы: Сусамыр, елдің жайлауы, Өмірдің бар ма байлауы.
Сала берсең көзіңді әр жақсыға, Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.
Елдік деймін ендеше елдік деймін, Сұлу қызға жарасқан белдік деймін. Сырттай ғана өзіңді білуші едім, Әдейі арнап аулыңа келдік деймін.
Қара күрең асау-ай, кермегім-ай, Еріккенде бағатын ермегім-ай. Қанша ауыл, қанша жер кезсем-дағы, Сұлу жанды өзіңдей көрмедім-ай.
|
Notes
|
Сәулем-ай
|
|
Lirycs
Айдап салдым жылқымды ақ қауданға, Жабағы артық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай. Қуанғаннан жүрегім от боп жанар, Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.
Қайырмасы: Екі ғана жирен-ай, Өңшең манат киген-ай. Оймақ ауыз, күлім көз, Ғашық жардың сүйгені-ай.
Сары белден сарғайып таң атқанда, Аққұбаша, бидай өң түн қатқанда, сәулем-ай. Ұзақ таңға ер жігіт қайтіп шыдар, Сары майдай толықсып қыз жатқанда, сәулем-ай. Қайырмасы.
|
Notes
|
Сусар-ай
|
|
Lirycs
Көрінесің жан сәулем тоты құстай, Сені көріп көңілім алып ұшты-ай. Бәрі бірдей адамзат бірдей емес, Бірі алтын болса да бірі мыстай.
Қайырмасы: Қос етекті жұбай-ай, Осылай шығар ыңғай-ай, Не қыл дейсің, ибай-ай. Шай құй депті шырақ-ай, Сен де тынды жеңгей-ай, Сусар-ай, сусар-ай, Сусын әкел қыздар-ай. Кәмпит берші Әбилә-ай, Алып келші Нағима-ай, Мақұл дейді Жәмилә-ай.
Бидай өңді, аққұба, ақша маңдай, Қызыл құмнан шұбалтып қашқан аңдай. Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен, Көңілің еркем болып жүр әлде қандай. Қайырмасы.
|
Notes
|
Назқоңыр
|
|
Lirycs
Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, Кел десең, неге аяйын аттың терін. Сары ағаш сазға біткен секілденіп, Қай жерде отыр екен бұраң белім.
Базардан алып келген күміс құман, Жігітті адастырған қалың тұман. Арадан қыл өтпестей тату едік, Біздерге қастық қылған қай антұрған.
|
Notes
|
Нақ-нақ
|
|
Lirycs
(Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауынан)
Сөйле десең сөйлейін сіз келгенде, Киер көйлек шаруалар көз көргенде тамаша, денің сау ма құдаша-ау. Айт дегенде несіне іркілейін, Үлкен, кіші жақсылар кез келгенде, қыздар-ау, денің сау ма қыздар-ау.
Қайырмасы: Тобылғының түбінен Қазық алдым былық-былық, Бөдененің етінен Азық алдым сылық-сылық. Қасың қара кіл өңкей, Ақ тамақ қыз бұл өңкей. Абау қыздар, абау бақ, Танымайды ту айлақ Екі ма нақ-нақ. Ішім-ай, дертім-ай, Қыздар-ай, қырғын-ай. Қыр басында қыз ойнақ, Күндіз мәжіліс, түнде ойнақ, Екі ма нақ-нақ. Айта бар, қайта бар, Қыздарға сәлем айта бар. Жиналған қыз-бозбала Қосылып әнге сал.
Кел, екеуміз додаға қосылайық, Айқай салып ән қосып жосылайық, қыздар-ау, денің сау ма қыздар-ай. Бекер қарап құр босқа отырғанша, Бозбалаға болмай ма осы лайық, қыздар-ау, денің сау ма қыздар-ай. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шапибай-ау
|
|
Lirycs
Дегенде Шапибай-ау, Шапибай-ау, Атымды талға байлап, келдім жаяу. Атымды талға байлап келсем жаяу, Шапи қыз жатыр екен, ұйқылы-ояу.
Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед, Шапи қыз сәлем айтып келсін деп ед. Шомылған айдын көлде аққудай боп, Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.
|
Notes
|
Шилі өзен
|
|
Lirycs
Айналайын атыңнан, алтыным-ай, Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Қайырмасы: Шилі өзен қамыс-ай, Бізді ойлай жүр, таныс-ай.
Сіз дария болғанда, мен қоңыр қаз, Бауырым төсеп бетінде қалқыдым-ай. Қайырмасы
Айналайын қарағым, кекілдім-ай, Балапаны аққудың секілдім-ай. Қайырмасы.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ», Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай. Қайырмасы.
|
Notes
|
Шынар-ай
|
|
Lirycs
Қаратаудың басынан арша ап жүрмін, Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.
Қайырмасы: Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай, Қайткенде көңілім тынар-ай.
Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай, Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін. Қайырмасы.
Айналайын қарағым, орта бойлым, Сары майдан айырып торта қойдым. Қайырмасы.
Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы, Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.
Қайырмасы: Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай, Қайткенде көңілім тынар-ай. Зибаш-ай, қасыңның қара қиғашы-ай. Құрбыңды сәулем сыйлашы-ай.
|
Notes
|
Дайдидау
|
|
Lirycs
Хат жаздым қалам алып сізге, еркем, Жүзің бар он төртінші айдай көркем. Есіме сен түскенде, беу қарағым, Қозғайсың қатып қалған іштің дертін.
Шыныңмен менен достым қалғаның ба, Мойныңа айрылысуды алғаның ба? Екеуіміз айрылмастай болып едік, Қайтейін уәдеңнің жалғанына.
|
Notes
|