-
Сусамыр – елдің жайлауы
-
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.
Қайырмасы:
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.
Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.
Елдік деймін ендеше елдік деймін,
Сұлу қызға жарасқан белдік деймін.
Сырттай ғана өзіңді білуші едім,
Әдейі арнап аулыңа келдік деймін.
Қара күрең асау-ай, кермегім-ай,
Еріккенде бағатын ермегім-ай.
Қанша ауыл, қанша жер кезсем-дағы,
Сұлу жанды өзіңдей көрмедім-ай. -
Category:
Folk songs