-
Шынар-ай
-
Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.
Қайырмасы:
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.
Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай,
Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін.
Қайырмасы.
Айналайын қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Қайырмасы.
Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы,
Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.
Қайырмасы:
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.
Зибаш-ай, қасыңның қара қиғашы-ай.
Құрбыңды сәулем сыйлашы-ай. -
Category:
Folk songs