Атакелді Ысмайылұлы Ысмайылов 1923 жылы 27 желтоқсанда Алматы қаласына қарасты «Горный гигант» ауылында дүниеге келген. № 12 мектепті бітірген соң аэроклубты үздік аяқтап, авиациялық училищеге жолдама алады. Жастық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгендіктен бе ол ұшқыш болуды армандайтын.
Қазақ халқында ел-жұртының еркесіне айналып, патша көңілді көрерменнің көңілін баурап, ел алдында асқақтата ән шырқаған жаратылысынан жауһар, саңлақ өнерпаздар көп-ақ! Солардың бірі есімін атағанда көңіліңді езе сағындырып, өзі жап-жас сұлуша әйелдің мүсін келбеті көлбеңдеп көз алдыңа келгенде еріксіз тамсандыра сағындыратын, ойға алғанда ...
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында болған соңғы премьера Т.Мәмесейіттің «Бәкей қыз» қойылымында Бәкей мен Сейіттің махаббатынан өрбитін қазақ-қырғыз халықтарының ақ патшаның қыспағындағы өмір-тұрмысы суреттелген. Автор бұл шығармасын М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі негізінде жазып шығыпты.
2010 жылдың 6-9-желтоқсан аралығында Қазақтың мемлекеттік қуыршақ театрының 75-жылдығына арналған қуыршақ теарларының фестивалі ұйымдастырылып, Ресейдің «ОТРОЖЕНИЕ» қуыршақ теары, Жапонның «MUNDO NOVO POCO BUYO-DAN» театры және Балгарияның (Бургас қаласы) мемлекеттік қуыршақ театрлары қатыстырылып өнер додасында бас қосты. Бұл ұжымдардың өнерін тамашалаған бал-бөбектер мәз-мейрам болып тарқады. .