Бұлбұл
Дина Нұрпейісова

«Зәуреш жарты ғасыр бойы сахнада ән шырқап келеді. Талантты, парасатты, мейірімді адам, оның тұлғасы маған ағысқа қарсы жүзген аққуды елестетеді... Тау-тасы ән салған, күй күмбірлеткен Маңғыстаудан шыққан әнші-күйшілер, жыршылар көп, дәстүрлі мәдениеттің қаймағы бұзылмаған өлке. Туған жертабиғатының осындай сыры мол сипаты Зәуреш бойында да бар.

Read more:
Алысқа бармай-ақ Алматымыздың көшесіне шықсаңыз, толып жатқан дүңгіршіктерден түрлі-түсті сандаған газет-журналдар көзге шалынады. Олардың мұқабасында негізінен өнер жұлдыздарының суреттері орын алады. Әнші, күйші, сазгер, биші, актриса, тележүргізуші, спортшылар... Кейде журналдар әбден жауыр болған тақырыптарды айта-айта, бір өнер адамының келбетін қайталай басады.
Read more:

Ақын Бақтыбай Тайшаұлы ежелден-ақ жыраулар мен жыршылардың, суырып-салма ақындардың, небір әнші, күйшілердің мекені болған Батыс аймағындағы Атырау өлкесінің Жылой топырағында дүниеге келген. Өз ортасында «Бақтыбай жыршы» атанған халық талантының поэзиялық мұрасы заманында халық арасына кең тарап танымал болған.

Read more:

Кең Жылойдың ақ иық тума талант жыршысы Бақтыбай Тайшаұлының жыр өлеңдері заманында халық арасына кең тараған туындылар болды. Есімі ел арасына кең тарап ақын, жыршы ретінде танымал болған, өз ортасында «Бақтыбай жыршы» атанған ақынның поэзиялық мұрасы әлі күнге дейін әдебиеттанушыларымыздың назарынан тыс қалып келеді.

Read more:

Сырнаймен ән салып жүрген Клара дәстүрлі музыка өкілдерінің арасындағы орны бөлек жанның бірі. Талай өнер додаларында жүлдегер атанған Клара Төленбаева бүгінде ҚР Президент оркестрінің жетекші әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Read more: