Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев

СЫБЫЗҒЫ – халықтық сипат алған үрлемелі музыкалық аспап. Негізінен бақташылар арасында кең тараған үш ойығы бар сыбызғы қуыс талдан жасалады. Сыбызғы күйлері әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауысы аспаптан шықса, екіншісі орындаушының тамақ дыбысынан пайда болған. Аспапта ойнаушы адам осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгеруі керек. Дыбыстың әлсіз немесе күшті шығуы да ауа толқынының күшіне байланысты, сондықтан орындаушының тынысы кең болуы шарт. Ерте кезде сыбызғы сүйемелімен ән де орындалған.