Көш керуен
Нүрғиса Тілендиев
Бақыт Жолдыбайқызы ТҰРМАҒАМБЕТОВА – музыкатанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты (2009). 01.01.1976 жылы Атырау облысының Жылой ауданы, Құлсары пос. дүниеге келді. 1982-1992 жылдары № 1 қазақ орта мектебінде оқыды.
1992-1996 – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Педагогикалық Университетінің музыка факультетінде оқыды;
1996-2002 – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы, музыка зерттеуші мамандығын игерді;
2004-2006 – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасында білімін жалғастырды;
2009 жылы қазақ музыкасының ғылыми мәселелеріне арналған «Қазақстанның Батыс аймағының ән мәдениеті» монографиясы жарық көрді. 2011 жылы бұл кітап академик С.Зиманов атындағы республикалық қоғамдық ғылымдар саласындағы жас ғалымдар еңбектері конкурсында алтын медальға ие болып, арнайы жүлдемен марапатталды (Алматы қ.).
2011 жылы осы монография ТМД елдерінің жас ғалымдар ғылыми еңбектерінің «Дебюттер достығы» конкурсында «Қайта жаңғырту, насихаттау» номинациясында арнайы Дипломға ие болды (Мәскеу қ.).
2010-2012 жылдары Дарынды жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендия иегері
2013 жылы «Ұлттық өнер – өміршең қазына» атты ғылыми зерттемелер мен мақалалар жинағы шықты.
2013 жылы «Ұлттық өнер – өміршең қазына» атты ғылыми зерттемелер мен мақалалар жинағы шықты.
150-ден аса көпшілік-танымдық мақалалары және ғылыми зерттеулері республикалық газет-журналдарда, шетелдік басылымдарда жарық көрді.

www.musicart.kz - Бақыт Жолдыбайқызының авторлық сайты қазақ өнері мен мәдениетін насихаттауға арналған

Байланыс телефоны: 8 707 685 6967

Э-пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.