Сағындым, сағым уақыт,
Табатын жаным бақыт.
Балалық ұяның,
Қарлығаш қиялың
Еске алып, тербелемін.
Жұлдызын көгімнің,
Бақытын өмірдің
Аңсаумен мен келемін
Қайырмасы:
Сағыныш-ай, сағыныш-ай,
Сен де бір арман,
Сен де бір жалған.
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің
Сағындым сағым жылдар,
Өттің-ау ағып, жылдар.
Баладай алаңсыз,
Баянды, баянсыз
Тағдырға бағынумен.
Оралып келе алмай,
Достарды көре алмай,
Күн кештім сағынумен.
Қайырмасы.
Сағындым, сағым күндер,
Сағынсам жаным гүлдер.
Өмірдің көшінен,
Мен, бәлкім, кешігем,
Сағынып кеш қалармын.
Балалық көктемім,
Қамығып өткенің
Аңсаумен еске алармын.
Қайырмасы.