-
Домбыра туралы баллада
-
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегімнің, жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында.
Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысын сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра,
Қазағымның жүрегінен жаралған
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Қайырмасы.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
Қайырмасы. -
Категория:
Песни композиторов казахстана