Әже туралы ән
|
|
Текст песни
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым – сары ормандай самсаған. Әке болып жүргенімді ұмытып, Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлындаймын асыр салған аңғарда, Қозыдаймын ойнақтаған албарда. Өзің барда қысылмаймын күлуге, Жылауға да қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, Мен өзіңнен қабылдаппын күюді. Сенің жаның жүрегіме ораулы, Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Тұра тұршы түзелгенде бұзығың, Жүре тұршы жалғанғанда үзігің. Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау, Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!
|
Ноты
|
Әлі есімде
|
|
Текст песни
Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны, Сырласумен жазғы таңның атқаны. Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры, Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.
Қайырмасы: Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез, Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!
Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны, Арман бізді алға апарып тастады. Қара шашың мойыныма оралып, Жерге тамған мөлдір көздің жстары. Қайырмасы.
Содан бері өтті, сәулем, талай күн, Әлсін-әлсін суретіңе қараймын. Тағдыр бізді алыстатты, қоспады, Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың. Қайырмасы.
|
Ноты
|
Әселім
|
|
Текст песни
Самалы жұпар жазғы бір кеште, Ойласам болды Ыстықкөл жақты. Айтылған сырлар түседі еске, Оятқан сонда ақ махаббатты.
Қайырмасы: Тулайды жүрек, толқындай шалқып Аңсайды жүрек, өзіңе тартып. Сағынтқан әнім, Әселім жаным, Сағынтқан әнім, Әселім жаным.
Тағдырмен қатар ойнатқан сонда, Қайдасың менің армансыз күнім. Бақ құсым едің, қонбадың қолға, Қапыда қалдым, зар толып үнім. Қайырмасы.
Алыссың, жатсың, білемін сәулем, Тағдырға нала не керек айтып. Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен, Әселім, сірә, келер ме қайтып. Қайырмасы.
|
Ноты
|
Әке туралы жыр
|
|
Текст песни
Жас едiм өмiрге еркiн бойламаған, Күнi ертең не боларын ойламаған. Шарықтап кетсем-дағы қанат кағып, Өзiңдей қамқор әке қайда маған.
Сүрінсем сынай қарап от жанарың, Сен мені жақтамадың, ақтамадың. Әрдайым осы қатал мінезіңнен, Күші алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезіп домбырасын, Кеудемді қуанышқа толтырасың. Арманның асқарына құлаш ұрсам, Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын, Кім мөлдір болса соның жолдасымын. Қуан сен, қуана бер, әкетайым, Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
|
Ноты
|
Әке даңқы
|
|
Текст песни
Тағылды төске гүл, Жас өмір гүлденді. Әкесіз өскен ұл Әке боп үлгенді. Бақыт пен арманның Жақындап арасы, Оқ жұлған тағдырдың Жазылды жарасы.
Ардақтап ел сені, Сақтайды көңілде. Әкежан, мен сені Қимаймын өлімге. Жасаурап жанары, Күн сайын елеңдеп, Қарт әжем сені әлі Күтеді келер деп.
Ұл бопсың мақтаулы, Жалындап лаулаған. Суретің сақтаулы Өзімнен аумаған. Кеудемде толқынды Жастығым тұрғанда. Мен сенің даңқыңды Жеткізем жылдарға.
|
Ноты
|
Әлия туралы ән
|
|
Текст песни
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейне бір баласындай, Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.
Қайырмасы: Әлияжан, сен қаладың Нұрлы өмірден биік арман. Ерке құсы кең даланың, Еркін өскен Әлияжан.
Туған елге дұшпандар оқ атқанда, Туған жерді қып-қызыл өрт жапқанда. Қару алып қорғадың намысыңды, Сені ажал тойтарып тоқтатқан ба!..
Қайырмасы: Алаулаған айдай жүзі, Өмірде өлмес әні қалған. Құралай көз қазақ қызы, Ерлігі асқан Әлияжан, Батыр қызы сен халқымның, Әлияжан, әлияжан.
|
Ноты
|
Әпитөк
|
|
Текст песни
Басында биік таудың мұнары бар, Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк. Құрбылар, бұл қалай деп сөзге көрме, Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.
Қайырмасы: Тіл-хат жоқ, Ақша маңдай, қаракөз, Өзіңіздей бекзат жоқ. Тым болмаса, Хат пен хабар сөзің жоқ.
Басынан биік таудың мұнар кетпес, Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк, Кебістің жалаң аяқ басын киіп, Ей қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк. Қайырмасы.
|
Ноты
|
Әупілдек
|
|
Текст песни
Қамысы Әупілдектің мүше-мүше, Сарғайдым осынау көлдің суын іше! Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе, Барар ем қалқа жанға әлденеше!
Жел соқты Әупілдектің қамыстарын, Айтады әркім көрген қасірет-зарын. Түседі қайғылыға қара тұман, Кім білер сол тұманның ашыларын?!
Еріксіз Әупілдекті мекен еттім, Жасым жас, жиырмаға жаңа жеттім! Айырған екі ашықты еңіретіп, Ісіне бар ма шара құдіреттің!..
|
Ноты
|
Әсем әнім сырнайдай
|
|
Текст песни
Көзіңнен айналайын, қарақтарым, Секілді ақ қазина тамақтарың. Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар, Білмеймін қай жеріңе қонақтарын.
Қайырмасы: Ахау айым, Әсем әнім сырнайдай, Әлем сүйіп тыңдайды-ай. Тамылжытып ән салмай, Күнде думан болмайды-ай.
Көзіңнен айналайын қырғи қабақ, Ойнаған су бетінде сен бір шабақ. Салсам да алтын қармақ ілінбейсің, Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ. Қайырмасы.
|
Ноты
|