Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Әселім

  • Композитор: Ілия Жақанов
  • Самалы жұпар жазғы бір кеште,
    Ойласам болды Ыстықкөл жақты.
    Айтылған сырлар түседі еске,
    Оятқан сонда ақ махаббатты.

    Қайырмасы:
    Тулайды жүрек, толқындай шалқып
    Аңсайды жүрек, өзіңе тартып.
    Сағынтқан әнім, Әселім жаным,
    Сағынтқан әнім, Әселім жаным.

    Тағдырмен қатар ойнатқан сонда,
    Қайдасың менің армансыз күнім.
    Бақ құсым едің, қонбадың қолға,
    Қапыда қалдым, зар толып үнім.
    Қайырмасы.

    Алыссың, жатсың, білемін сәулем,
    Тағдырға нала не керек айтып.
    Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен,
    Әселім, сірә, келер ме қайтып.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана