Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда,
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметпен сәулем қайда.
Қайырмасы:
Ақерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.
Тәтті сөзің көңілімді кетті басып,
Айта алмадың тар жерде сырыңды ашып.
Сені алтынға балаған құрбың едім,
Қоштасайық бермен кел, құшақтасып.
Қайырмасы.