Қоңыр қаз
Әшімтай
  • Ақ сұңқар

  • Народная песня
  • Жебесі шын күмістен садағымның,
    Әдеті осылай ма еді базарлымның.
    Несіне сөйлер сөздің іркілейін,
    Тұсына кез келген соң ажарлымның.

    Қайырмасы:
    Ақ сұңқар неге қонбайсың,
    Дариға-ау, жайған торға.

    Қарағым, айналайын қасың керік,
    Мал болсаң алар едім бәсің беріп.
    Мен саған басыбайлы бол демеймін,
    Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.
    Қайырмасы.

    Құдаша, құрамын тор жолыңызға,
    Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға.
    Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес,
    Қонбасын құладан құс сорымызға.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Народные песни