Қосбасар
Сүгір

Раушан Оразбаева – шебер қылқобызшы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері. Ол өнерге қадам басқан 1990 жылдардан бері талай халықаралық сайыстардың бас жүлдегері атанды. Дәл осы кезеңде мерзімді баспасөз беттерінде отандық әйгілі музыканттардың бірі Раушанды «қобыздың Мадоннасы» деген лебізін айтқан болатын.

Толығырақ:

Биыл М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Шетел қазақтарының фольклоры мен өнері» атты мемлекеттік жобасының аясында экспедиция ұйымдастырылып, Еділдің төменгі жағалауындағы қазақтардың өмірі мен мәдениетімен жақын танысып қайтуға мүмкіндік туды. Ресейдің Самара облысынан басталған зерттеу жұмысы Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарымен жалғасты.

Толығырақ:

Түркия сапарым жеке ғылыми қызығушылығыммен жүзеге асты. Өйткені осыған дейін Моңғолия қазақ әндеріне арналған ғылыми диссертация қорғалса, Қытай қазақтары күйлерінің он шақты жинағы шықты. Ал Қытай қазақтарының бір бөлшегі болып саналатын Түркия қазақтарының музыкасы назардан тыс қалып келеді.

Толығырақ:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали ЖАЙЫМОВ қазіргі уақыттағы еліміздің музыка кеңістігіндегі елеулі мәселелер туралы ойларымен бөлісті

Толығырақ:

1985 жылы Ашхабад маңындағы қазақтарға концерттік сапармен барғаным әлі есімде. Сахнаға шығып термемді бастағаным сол еді, менің «әй!» деп басталатын қаратпа интонацияма залдың қосылып кеткені! Биік нотамен айтылатын дыбысымды көрерменнің түгелдей дерлік дөп түсіп қайталауы таң қалдырды. Осындай өнерге деген ыстық ықыласты, әр сәтті қалт жібермейтін тыңдарманды Қытай жеріндегі қандастарымызға іс-сапармен барғанда көрдім.

Толығырақ: