Қоңыр қаз
Әшімтай

ҚЫЛҚОБЫЗ – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Жылқының қылынан жасалған екі ішегі мен ысқышы қоңыр дауысты өте сазды үн шығарады. Органолог мамандар қылқобызды бүгінгі жер бетіндегі ысқышты аспаптардың атасы деген тұжырым жасауда. Қылқобыздың тарихы мен музыкасы – қазақтың ұлттық саз өнеріне қатысты VIII-ІХ ғасырларда Сырдария бойында өмір сүрген Қорқыт ата есімімен байланысты айтылады. Бұл екі ішекті ысқышты аспаптың одан да ертерек уақытта болғандығы жөніндегі деректердің бірін академик Әлкей Марғұлан келтіреді. Ғалым өз еңбектерінде мүсін тасқа қиып түсірілген қылқобыз түрлерін VI-VIII ғасырларға жатқызады. Десек те отандық дәстүрлі музыкадағы бізге жетіп отырған ең көне авторлық күйлер Қорқыт туындылары болып саналады.