Қазақстандық скрипкашылар мектебі сонау отызыншы жылдарда қалыптаса бастады. Бұл аспапта кәсіби ойнаған қазақ скрипкашысы Әйткеш Толғанбаев (1924-1995) Алматы музыкалық драмалық техникумында оқыды.
Қазақстанның музыка мәдениетінде опера өнерінің жоғары кәсіби дәрежедегі әншілерінің орны бір төбе. Олардың арасынан бүгінде Еуропа елдеріндегі ірі сахналардың спектакльдерін ойнап жүрген, орта буын өкілдері Майра Керей (Мұхамедқызы), Қайыржан Жолдыбаев, Нұржамал Үсенбаева, Сара Ищанова, жас буыннан Талғат Мұсабаев, Болат Есімханов секілді дарындарды айтсақ та жеткілікті.
Биыл ақын-әнші, балуан, өнерпаз Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлының туғанына 150 жыл толып отыр
Толығырақ:
Шебер туындылары елімізде де, шет мемлекеттерде де кәсіби мамандар тарапынан жоғары бағалануда. Мысалы, 1998 жылы Австрияда өткен варган музыкасының ІІІ Халықаралық конгресінде әлемнің 22 елінен 70 музыкант қатысқан жиында Жолаушы Тұрдығұловтың жасаған Нар-қобызы жоғары деңгейде деп танылып, фотосуреті Францияның Ұлттық мұражайына және Австриядағы әлем музыкалық аспаптары мұражайына, Уфадағы Халық музыка орталығына жіберілді
Толығырақ:
Биыл Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрына сексен жыл толып отыр.
Бұл театр сахнасының өркендеу жолы талай ұлт өнері майталмандарының тағдырымен тікелей байланыста өрбіді
Толығырақ: