Зайсан көлі
|
|
Әннің созі
Құмарлана зәмзәм татқан
Туған өңір жайсаң белі,
Толқын атқан, шалқып жатқан
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
Бейне теңіз сыры терең,
Суына лап қойсам ба еді.
Күмбірлеген, күй тербеген
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
Айдынында қайнап еңбек,
Ескен шаттық майса лебі.
Шақырады «кел, маған» деп
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
Туған аулым сағынғанда
Кейде есіме алсам сені.
Көз алдымда тоқын шұғыла
Зайсан көлі, Зайсан көлі.
|
Нотасы
|
Үміт
|
|
Әннің созі
Жазғы түн пердесін жапқанда,
Бір жұлдыз жанады аспанда.
Сол менің көрінген үмітім,
Сол менің көңіліме ақ сәуле шашқан да.
Күлімдеп көгілдір көктемде,
Күн нұры сәулесін төккенде.
Сол менің аяулы үмітім,
Сол маған арманның ұшқынын сепкен де.
Жайқалған жайлаудың гүлісің,
Сайраған сандуғаш үнісің.
Аспанның, жердің де сәулесі,
Жарқырап жана бер, арайлы үмітім.
|
Нотасы
|
Гүл жайнаған Астанам
|
|
Әннің созі
Кешегі бұл, шерлі қазақ даласы,
Гүл жайнаған бүгін міне, қарашы.
Ұлан-асыр қуанышқа бөленген
Астанамыз жаңа өмірдің қаласы.
Қайырмасы:
Бізде байлық, береке,
Бізде шаттық, мереке.
Әнге қосып ардақтаймыз
Астанасын жас өлке!
Арманына жетіп халқым көздеген
Алабы да, алқабы да өзгерген.
Жасыл қалам – шын бақыттың кіндігі
Қымбаттысың ел-жұртыңа өзгеден!
Қайырмасы.
Аппақ гүлді алма ағашы, көк аспан
Жеріне сай атың қалай жарасқан.
Мәңгі жаса, нұр жайнаған астанам,
Жас дүниеге, жаңа өмірге жол ашқан.
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Уа, жеңгелер, жеңгелер!
|
|
Әннің созі
Мінезім бар кей уақытта құдай атқан,
Борандатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрғырларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.
Қайырмасы:
Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер,
Маған лйық бір сұлу
Қайдан кез келер!
Көріп жүрмін мінезден көрерімді,
Қыздар менің білмейді-ау өнерімді.
Қыздар менің білмейді-ау ерегессем,
Төрт бөлмелі үй салып берерімді.
Қайырмасы.
Шыдасам да махаббат азабына,
Мен көнбеймін қыздардың мазағына.
Таңдап жүріп үйленем бір сұлуға,
Мінезі сай ақыл мен ажарына.
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Нені ойладың
|
|
Әннің созі
Нені ойладың құрбыжан, нені ойладың?
Ойға батқан жүзіңе қарайладым.
Алыс арман үміттің сәулесіндей,
Абайладым көзіңде арай барын.
Тұңғиықтан құпия сыр таратып,
Келе жатты көзіңнен бір таң атып.
Таңы болғай лайым қуаныштың,
Өзгелерді қойдың ғой мың қаратып.
Нені ойладың, жол таппай қамалдың ба?
Таппадың ба, әлде оны таба алдың ба?
Ойлаған жөн алды-артын, барлық жағын,
Ойла құрбым, жақсыны, жаманды да.
Алдың арман, әйтсе де, абайлағын,
әлденеге үңіліп қарайладың?
Білгім келіп барады, білгім келіп,
Нені ойладың құрбыжан, нені ойладың?
|
Нотасы
|
Нұржамал
|
|
Әннің созі
Сүйген сәулем Нұржамал,
Күтудемін бір хабар.
Үш жыл өтті ойыңды,
Біле алмай болдым дал.
Қайырмасы:
Жауап тосып өзіңнен,
Әлі үйленбей жүрмін мен.
Мезгіл өтіп барады-ау,
Айыпты оған жалғыз сен.
Жалғыз сені ұнатам,
Неге, сәулем, нанбайсың.
Жанымды қалай жұбатам,
Жүрегің жоқ па, қандайсың.
Қайырмасы.
Ұмытсам деп сені мен,
Көрсем де болам көрмеген.
Келбетің сенің әрқашан,
Тұрады кетпей көзімнен.
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ризамын тағдырға
|
|
Әннің созі
Тағдыр сені маған сый қып тартқанда,
Құйттай жүрек шіркін, дамыл тапқан ба.
Бірге барып бас иейік екеуміз,
Шолпан жұлдыз атып келе жатқанда.
Қайырмасы:
Сендім саған,
Сенімімді құлатпа.
Сүйдім сені, өтінем мені жылатпа.
О тағдырым, шатастырып есімді ап
Қателесіп тек кешірім сұратпа.
Басқа сыйлық сұрамаймын қмірден,
Адал жар бол сүйер мқлдір көңілмен
Білмейсің ғой сағынғанда мен сені,
Ұзақ түннің таңында әзер көз ілгем.
Қайырмасы.
Сенің көзің тұнық маған көл дейін,
Сол айдында аққуың боп көлбейін.
Менің тұнық бұлағым-ау шәрбатты,
Сен қасымда болсаң неге шөлдейін.
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Революция сарбаздары
|
|
Әннің созі
Арайланып таң нұрымен
Желбірейді тулары.
Ер намысы жаңғырумен
Аттанды елдің ұлдары.
Қайырмасы:
Жалын атып жанары,
Дабылдатып даланы.
Жас ұландар,
Жас қырандар
Жорықтарға барады.
Жарқын тілек құлшындырып
Сарбаздарды ілгері.
Қайта-қайта ұмтылды үміт
Қара түнді түргелі.
Қайырмасы.
Арман туып алдарынан,
Асығады жетуге.
Айқастарда салған ұран
Елін азат етуге.
Қайырмасы.
Қызыл тулар қызыл гүлдей,
Құлпырады өңірде.
Жайнап бақыт жүзі күндей
Біздің бейбіт өмірде.
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ұрпақ үшін ертеңгі
|
|
Әннің созі
Көтеріп көк аспанға ұлы туды,
Өмірлік Октябрьдің нұры туды.
Болашаққа елді бастап дана Ленин,
Самғатты ол сенің асыл үмітіңді.
Қайырмасы:
Өмірімді өркенді,
Өзім өскен өлкемді.
Жайнатамыз еңбекпен,
Ұрпақ үшін ертеңгі.
Достық пен қуат етіп махаббатты,
Жаһанға қала орнаттық ақ қанатты.
Асқақ әнің – мақтанымыз Отанның,
Аямайтын мейіріммен мархабатты.
Қайырмасы.
Бейбіт күн мекендеді қыр даланы,
Өмірің күннен күнге нұрланады.
Біздің еңбек үлгі болып ғасырларға,
Адамзаттың ұрпағына жыр болады.
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ұстазым
|
|
Әннің созі
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс, жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда жүрер жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы.
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа, қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ұшты менің көңілімнен шағала
|
|
Әннің созі
Тұйық ойдың тұманына қамала,
Ұшты менің көңілімнен шағала.
Теңіз жатыр жүрегіңнің түбінде,
Сол шағала жете алар ма жағаға?!
Ай аспанда бара жатыр зыр қағып,
Ақ қайың тұр желді тыңдап ырғалып.
Сыры бар ма олардың да біздердей,
Келші сәулем, келші бірге тыңдалық.
|
Нотасы
|
Ғажайып танго
|
|
Әннің созі
Жайнашы, жанымда жабықпашы, Жайдары қалпыңнан жалықпашы. Ашылсын қабағың қамықпашы, Қасымда билеші, қамықпашы.
Қайырмасы: Қалқышы аспанында, Жарық күн нұр құйсын жас жаныңа. Арманның қол созып асқарына Жадыра, жайна, жайна да ойна, Бұл өмір өтеді қас қағымда.
Балқиын, шалқиын, мас көңілмен, Аяла, аймала аш белімнен. Шаттықтың шөліркеп шарабына, Қарайын көз алмай жанарыңа. Қайырмасы.
Талдырсын тал бойды тәтті лебің, Оралсын мойныңа ақ білегім. Елітіп тангоның ырғағына, Енейік екеуміз гүлбағына. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Ғарифолланы сағыну
|
|
Әннің созі
Жарқыраған қос жанары айнадай, От шашады жалт-жұлт еткен найзағай. Шымыр дене ширақ қимыл үйлесіп, Қайран қасиет сыртқа теуіп тұрғандай.
Қайырмасы: Сахна сәнін келтірген, Шырқай самғай желпінген. Асқақ дауыс шарықтап! Қас тұлпарша серпілген
Жарқыраған жарық жұлдыз көктегі, Сен кеткелі неше көктем көктеді. Құлағымда әнің қалып қойғандай, Сағынышым бір өзіңе жетпеді. Қайырмасы.
Арман бар ма атағы бар даңқы бар, Ала алмаған қандай қамал асу бар. Қазақ халқын бар әлемге танытқан Міне осындай Ғарифолла бабам бар.
Қайырмасы: Мұхит әнін дәстүрлі, Үйретіпте әр күні. Бұзбай ешбір қаймағын, Аманаттап тапсырды Аманатын бабамның Ұрпағына тапсырды.
|
Нотасы
|
Панфиловшылар жыры
|
|
Әннің созі
Отты жылдар өртеді, өтті қан майдан да, Сыр шерткендей күй болып бүгін қартайғанда. Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш, Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз. Гвардия даңқы, Гвардия анты, Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш, Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз.
Жорықтарда оқ жұтқан қандас, достас жанбыз, Жастық шақпен жас жетпей сонда қоштасқанбыз. Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған, Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған. Гвардия даңқы, Гвардия анты, Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған, Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған.
Өмір жауы айқаста өзі мола тапты, Тартып алдық ажалдан сені – болашақты. Гвардия анты – ерлікке шыңдап, солдат жеңген, Гвардия даңқы – өлмеске мәңгі мандат берген.
|
Нотасы
|
Партизандар достығы
|
|
Әннің созі
Шайқасты отты жүрек жарқын жандар, Қапаста пана болып қалың орман. Жайратып жүрді жауын партизандар, Қыранша тұтқиылдан салып ойран.
Қайырмасы: Батыр жүрек жарқын жандар – Құдіретті партизандар. Отан үшін отқа оранып, Отан үшін жан қиғандар.
Ел кегін арқалаған асыл жандар, Айқасты қасиетті арман үшін. Ажалмен арпалысып партизандар, Елінің қорғап шықты ар-намысын. Қайырмасы.
Ерлерге арналды бұл көңілді жыр, Достықтың туы берік ел күшіндей. Жерінде әр халықтың ескерткіш тұр, Мызғымас сол бірліктің белгісіндей. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Партия – халық бақыты
|
|
Әннің созі
Жар салып адамзаттың ұрпағына, Барамыз болашақтың нұр бағына. Бастаушы ұлы Ленин партиясы, Ту болған коммунизм ұранына.
Қайырмасы: Партия – халықтың бақыты, халықтың тілегі, Партия – коммунизм бастаушысы. Партия – халықтың бақыты, халық жүрегі, Заманның ақыл-ойы, асқар күші! Жаса, жаса, коммунистік Партия!
Бар әлем даңқымызға таңырқанды, Жыл санап басып оздық ғасырларды. Кең байтақ Қазақстан даласынан Космосқа алып ұштық асыл әнді. Қайырмасы.
Алтын күн, асқар белдер алдымызда, Жеңіспен дақ түспеген даңқымызға. Көп алғыс коммунистік Партияға, Өмір мен бақыт берген халқымызға! Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Перронда
|
|
Әннің созі
Мен өзіңсіз бір таңды қарсы алмадым, Бір өзіңсіз шырқап не ән салмадым. Халық толған перронда қала бердім, Қоштасудың көтеріп бар салмағын.
Қайырмасы: Сырым бар, жырым бар бір өзіңе арнаған, Сен қайтып, қалқатай, осы жолмен орал маған.
Бірге өткізген көп күндер кетті өзіңмен, Лүпілімен жүректің, от сезіммен. Құрбың кеткен қалада қалу қиын, Көшелерін өзіңмен көп кезіп ем. Қайырмасы.
Қалмаған соң көңілдің басқа амалы, Кірпіктерден асфальтқа жас тамады. Поезд кетіп, қалған жұрт тарағанда, Сағыныштар перроннан басталады. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Фаризаның мінезі
|
|
Әннің созі
Бір құбылыс бір өзі, таусылмайтын жыр өзі, Ел ішінде бір аңыз, Фаризаның мінезі. Аңыз болған бұл дастан, айтылады тынбастан, Мінезі оның жарқ етіп, суырылған алдаспан. Мінезі оның қатал-ақ, мінезі оның шатақ-ақ. Сондықтан да иіліп тұрады бәрі тұрар апалап, Көз жеткізбей нарқына, сыр сақтамай артына, Аңыз айтқан осылай, аң-таң болам халқыма.
Бірде бораны азынап, бірде тұрған аңыз-ақ, Бұл өмірде ақынның, жаны тіпті нәзік-ақ. Іркітіндей айранның, заман мынау толған мұң, Сол бір жіптің үзілмей жүргеніне қайранмын. Алданышы сыр ғана, алданышы жыр ғана, Періштедей жүргені, ақын деген бір бала. Халық нарық өткенде, жырды ұмытып кетен бе? Сол сәбидің басынан сипай салар жок пенде. Ой қиялы екі елі, жантақтарда жетеді, Жыры түгіл ақынның, жанын таптап өтеді. Міне осы қылықтар барлық былық-шылықтар, Ақын жанын тілгілеп, ақын жанын шыбықтар.
Соғыс өрті бар әлі, анада бар қаралы, Жер беті әлі жаралы, ендеше ақын жаралы. Тек отырар күн айды, жұрт білеме бұл жайды, Сондықтан да ақындар, жылап тұрып күледі, Күліп тұрып жылайды. Фариза қыз осындай мінезі бар жасындай, Кім екенін пасыққа Фариза айтар жасырмай. Жабағы мұң сіресіп, тар жол тайғақ тіресіп, Жамандықпен осылай, Фариза жүр күресіп. Шындықты айтып шыдамай, онысы елге ұнамай, Фариза жүр, ал заман алағай да бұлағай.
|
Нотасы
|
Шақырады көктем
|
|
Әннің созі
Елестеттің көктемді гүл ашқан, Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан. Алыстарға жетеле, еремін, Сені ғана бақыт деп сенемін.
Қайырмасы: Арманымдай алдағы, Ақ шуақтай таңдағы Аялай бер арманым, аялай бер. Сандуғаштар жырлаған Көктемдерге бір барам Шақырады біздерді көгорай бел.
Қолыңды бер, жатсынба, арманым, Сәуледей боп аяла таңдағы. Шақырады жас көктем гүлімен, Шақырады жасыл бақ жырымен. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Шалқар түні
|
|
Әннің созі
Көл Шалқарға төнеді жұлдыздар, Жағасында келеді гүл қыздар. Ай нұрына шомылып аққудай, Жүр жұлдыздар, гүл өыздар,нұр қыздар.
Қайырмасы: Көл Шалөарда – көгілдір түн, Көл Шалқарда – көңілді түн. Көлбеген көл бетін ән тербесін.
Көл, кербезім, көл гүлін терейін, Ақ тұңғиық алқасын өрейін. Түн тамаша! Аулақта оңаша, Кел, мен саған ән салып берейін. Қайырмасы.
Жел таратсын әлемге ән сазын, Ел тыңдасын әдемі жан сазын. Көл толқыны көлбесін, тербесін, Ал қырмызы арайлы таң сазын. Қайырмасы.
|
Нотасы
|