Бұлбұл
Дина Нұрпейісова
  • Уа, жеңгелер, жеңгелер!

  • Мінезім бар кей уақытта құдай атқан,

    Борандатқан, бұрқаған, дауылдатқан.

    Сол мінезім жақпай ма құрғырларға,

    Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

     

    Қайырмасы:

    Уа, жеңгелер, жеңгелер,

    Мінез деген өзгерер,

    Маған лйық бір сұлу

    Қайдан кез келер!

     

    Көріп жүрмін мінезден көрерімді,

    Қыздар менің білмейді-ау өнерімді.

    Қыздар менің білмейді-ау ерегессем,

    Төрт бөлмелі үй салып берерімді.

    Қайырмасы.

     

    Шыдасам да махаббат азабына,

    Мен көнбеймін қыздардың мазағына.

    Таңдап жүріп үйленем бір сұлуға,

    Мінезі сай ақыл мен ажарына.

     

    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары