Бұлбұл
Дина Нұрпейісова
  • Партия – халық бақыты

  • Жар салып адамзаттың ұрпағына,
    Барамыз болашақтың нұр бағына.
    Бастаушы ұлы Ленин партиясы,
    Ту болған коммунизм ұранына.

    Қайырмасы:
    Партия – халықтың бақыты, халықтың тілегі,
    Партия – коммунизм бастаушысы.
    Партия – халықтың бақыты, халық жүрегі,
    Заманның ақыл-ойы, асқар күші!
    Жаса, жаса, коммунистік Партия!

    Бар әлем даңқымызға таңырқанды,
    Жыл санап басып оздық ғасырларды.
    Кең байтақ Қазақстан даласынан
    Космосқа алып ұштық асыл әнді.
    Қайырмасы.

    Алтын күн, асқар белдер алдымызда,
    Жеңіспен дақ түспеген даңқымызға.
    Көп алғыс коммунистік Партияға,
    Өмір мен бақыт берген халқымызға!
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары