-
Перронда
-
Мен өзіңсіз бір таңды қарсы алмадым,
Бір өзіңсіз шырқап не ән салмадым.
Халық толған перронда қала бердім,
Қоштасудың көтеріп бар салмағын.
Қайырмасы:
Сырым бар, жырым бар бір өзіңе арнаған,
Сен қайтып, қалқатай, осы жолмен орал маған.
Бірге өткізген көп күндер кетті өзіңмен,
Лүпілімен жүректің, от сезіммен.
Құрбың кеткен қалада қалу қиын,
Көшелерін өзіңмен көп кезіп ем.
Қайырмасы.
Қалмаған соң көңілдің басқа амалы,
Кірпіктерден асфальтқа жас тамады.
Поезд кетіп, қалған жұрт тарағанда,
Сағыныштар перроннан басталады.
Қайырмасы. -
Категория:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары