Қоңыр қаз
Әшімтай
  • Фаризаның мінезі

  • Бір құбылыс бір өзі, таусылмайтын жыр өзі,
    Ел ішінде бір аңыз, Фаризаның мінезі.
    Аңыз болған бұл дастан, айтылады тынбастан,
    Мінезі оның жарқ етіп, суырылған алдаспан.
    Мінезі оның қатал-ақ, мінезі оның шатақ-ақ.
    Сондықтан да иіліп тұрады бәрі тұрар апалап,
    Көз жеткізбей нарқына, сыр сақтамай артына,
    Аңыз айтқан осылай, аң-таң болам халқыма.

    Бірде бораны азынап, бірде тұрған аңыз-ақ,
    Бұл өмірде ақынның, жаны тіпті нәзік-ақ.
    Іркітіндей айранның, заман мынау толған мұң,
    Сол бір жіптің үзілмей жүргеніне қайранмын.
    Алданышы сыр ғана, алданышы жыр ғана,
    Періштедей жүргені, ақын деген бір бала.
    Халық нарық өткенде, жырды ұмытып кетен бе?
    Сол сәбидің басынан сипай салар жок пенде.
    Ой қиялы екі елі, жантақтарда жетеді,
    Жыры түгіл ақынның, жанын таптап өтеді.
    Міне осы қылықтар барлық былық-шылықтар,
    Ақын жанын тілгілеп, ақын жанын шыбықтар.

    Соғыс өрті бар әлі, анада бар қаралы,
    Жер беті әлі жаралы, ендеше ақын жаралы.
    Тек отырар күн айды, жұрт білеме бұл жайды,
    Сондықтан да ақындар, жылап тұрып күледі,
    Күліп тұрып  жылайды.
    Фариза қыз осындай мінезі бар жасындай,
    Кім екенін пасыққа Фариза айтар жасырмай.
    Жабағы мұң сіресіп, тар жол тайғақ тіресіп,
    Жамандықпен осылай, Фариза жүр күресіп.
    Шындықты айтып шыдамай, онысы елге ұнамай,
    Фариза жүр, ал заман алағай да бұлағай.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары