Қоңыр қаз
Әшімтай
  • Ғажайып танго

  • Жайнашы, жанымда жабықпашы,
    Жайдары қалпыңнан жалықпашы.
    Ашылсын қабағың қамықпашы,
    Қасымда билеші, қамықпашы.

    Қайырмасы:
    Қалқышы аспанында,
    Жарық күн нұр құйсын жас жаныңа.
    Арманның қол созып асқарына
    Жадыра, жайна, жайна да ойна,
    Бұл өмір өтеді қас қағымда.

    Балқиын, шалқиын, мас көңілмен,
    Аяла, аймала аш белімнен.
    Шаттықтың шөліркеп шарабына,
    Қарайын көз алмай жанарыңа.
    Қайырмасы.

    Талдырсын тал бойды тәтті лебің,
    Оралсын мойныңа ақ білегім.
    Елітіп тангоның ырғағына,
    Енейік екеуміз гүлбағына.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары