Келші айым
|
|
Lirycs
Көрікті көл беті, Көк елес көлбеді. Мен тұрмын жағада жабырқау. Ай нұры арайлы, Айдынға тарайды, Сүйіктім келер ме, япыр-ау?
Айдын көл сен айтшы, Самал жел сен айтшы, Жарыма құс болып ұшайын. Бір хабар берші айым, Жақындап келші айым, Лапылдап мәңгі құшайын.
Айым боп қалқыдың, Қайың боп балқыдың, Қызықты көктемнің кешінде. Жарасты үніміз, Жарасты жырымыз, Тербелдік айдын көл төсінде.
Гүлім боп аңқыдың, Нұрым боп шалқыдың, Өртеді тәнімді от лебің. Бақытты шақтарда, Жақұтты бақтарда, Өзіңмен бірге көктедім.
|
Notes
|
Космонавтар
|
|
Lirycs
Алыс Ай, шалғай Шолпан, шексіз аспан, Қозғаған сан қиялды бала жастан. Адамзат ғасыр бойы етіп арман, Тудырған талай аңыз, талай дастан.
Қайырмасы: Космонавт, қос қанат, Самға, самға Марсқа! Космонавт, қос қанат, Самға, самға алысқа!
Күн туды көкте қанат қағатұғын, Сырына алыс аспан қанатұғын. Айналып алтын Айды, күміс Күнді, Игеріп космосты да алатұғын. Қайырмасы.
Басталды Байқоңырдан ұлы сапар, Аттанды космонавтар қатар-қатар. Бір кезде галактика арасында Сызылып біздің ерлер ізі жатыр. Қайырмасы.
|
Notes
|
Кешкі әуен
|
|
Lirycs
Сәулесі күннің таулардан асып, Алқызыл бояу барады батып. Сәлден соң енді арайлы шуақ, Ең соңғы нұрын қалады шашып.
Қайырмасы: Маужырап мүлгиді кең дала, Сыбырлап сыр шертер жел ғана. Шырқашы, даусыңды аңсадым, Барлығын айтады ән ғана.
Шырқалса кешкі сенің бір әнің, Ашады нәзік көңілдің әрін. Мұңая берме, күрсінбе, жаным, Әнге қос әсем өмірдің жазын. Қайырмасы.
Ойларға шомып жатады таулар, Далаға нұрын шашады шамдар. Күн батты ғой деп мұңайма қалқам, Шығыстан тағы атады таңдар. Қайырмасы.
|
Notes
|
Күтем сені күнсайын
|
|
Lirycs
Күте-күте, құрбым, күнде, Күйіп жандым өрт болып. Жол бойында тұрмын міне, Екі көзім төрт болып.
Қайырмасы: Жүзім менің жайраңдаған Жабығады, келмесең. Көру сені – мейрам маған, Қайғырамын, көрмесем! Көру сені – мейрам маған, Қайғылымын, көрмесем!
Сенсің қайғы, бақытым да, Сенсің жұлдыз, айым да! Оралмасаң уақытында, Батамын мен уайымға Қайырмасы.
Құятұғын көңілге нұр Күн де өзіңсің шуақты. Менің үшін бүкіл өмір Сені күту сияқты! Қайырмасы.
|
Notes
|
Күткенде
|
|
Lirycs
Ай, жұлдыздан аспанда нұр жанғанда, Қызғалдақ пен бәйшешек гүл жарғанда. Келем деген жеріңде күтіп тұрмын, қалқатай, Күткен қиын сарғайып тұрған жанға.
Күтіп тұрмын өзіңді қайда жүрсің, Әлде маған табылмас арманбысың?! Келесің бе, білмеймін, келмейсің бе, қалқатай? Көрінші бір жарқ етіп, арман құсым.
Куә болсын сан жұлдыз, ашық айым, Бір өзіңде нұр болып шашырайын. Үмітімнің отындай бір көрінші, қалқатай, Күн жайлаған аспандай ашылайын.
|
Notes
|
Кім едің сен
|
|
Lirycs
Балғын жүзі албырап алау атқан, Балапандай қанатын жаңа қаққан. Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен, Ақ сәулеге оранып бара жатқан.
Қайырмасы: Аққуымсың, әнбісің Күнде алдымнан шығатын. Алаулаған таңбысың Көз алдымда, Көз алдымда тұратын.
Аққуға ұқсап ойнаған айдын көлде, Орамалың желбіреп таңғы желге. Айдалада абайсыз жолыққандай, Жанарымнан жасқанып қалдың неге? Қайырмасы.
Күнде алдымнан шығасың таң алдында, Ақша бетің албырап алау нұрға. Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен, Арман үшін, қалқам-ау, жаралдың ба?! Қайырмасы.
|
Notes
|
Көгершін
|
|
Lirycs
Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт ел үшін. Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы: Ел тілегін алып ұш, Адамзаттың бағына. Қара бұлтты жарып ұш, Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды, Ақ ниетті бар адам. Ақ қанатың талмайды, Әділеттен жаралған. Тыныш – бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ. Әлемге ортақ көңілдің, Қайт шыңына қонақтап. Қайырмасы.
|
Notes
|
Көктем вальсі
|
|
Lirycs
Жақсысың ғой, жасыл көктем, Жасыл көктем, жайдары. Көкшіл сәуле тасып көктен, Тағы да жер жайнады.
Манар тауда, терең сайда, Сайран салған сан қызық, Мәз боласың осындайда Шабыт шалқып, қан қызып.
Гүл табылмас жер бетінен Біздің жақтың гүліндей. Самал есіп тербетілген Жасыл мақпал түгіндей.
Біздің жақта түн жақсы ғой Келгенде сам жамырап, Нұрлы шуақ күн жақсы ғой Көкте жүзген жадырап.
Өмір мырза, көңіл дарқан, Жасыл жайсаң көктемде, Ән шырқайық келші, қалқам, Көктем көлбеп жеткенде.
Нұрын сепкен, гүлін төккен Өмір тағы жайнады, Жақсысың ғой, жасыл көктем, Жасыл көктем жайдары!
|
Notes
|
Таң нұры
|
|
Lirycs
Шығыстан арайланып таң атады, Әлемге алтын нұрын таратады. Әлпештеп маңдайымды аймалайды, Анамның сипағандай алақаны. Күн сәуле нұрға бөлеп айдаланы, Әлдилеп ән билейді айналаны. Әркімге бейбіт еңбек құшақ жайып, Туған жер той-думанға айналады.
Қайырмасы: Маздатып өмірдегі тамашаны, Шығыстан сәуле шашып таң атады. Арайлы күн шуағы, Көңілден шаттық нұрын таратады.
Сәбидің күлкісіндей жымыңдаған, Жан болмас таң нұрыныа жылынбаған. Жеңістің жаршысындай алау шашқан, Туым бар мәңгібақи жығылмаған. Жайып сап туған жердің гүл шырайын, Көрсеткен дүниенің нұр шырағын. Көргім кеп тұрады ылғи ерте оянып, Осындай бейбіт таңның күн шуағын. Қайырмасы.
|
Notes
|
Таң самалы
|
|
Lirycs
Алтын нұр аймалап алапты, Алаулап арайлы таң атты. Таң самал тербеп, тебіренер кеудең, Сен-дағы мені тербе, сәулем.
Қайырмасы: Өзіңдей нұрлы арайлы таңым, Қуаныш етіп қараймын жаным. Аспаным ашық, көңілім биік, Жазымды таптым өзіңді сүйіп.
Орманда ақ қайың көремін, Ақ қайың сен өзің дер едім. Аулақта бұлбұл шырқаса әнге, Толқышы әнмен шалқып сен де. Қайырмасы.
Жазира кең дала көлбеген, Бір сен деп лебіңе шөлдеген. Сылдырап бұлақ ағады таааааааааудан, Күмістей күлкің естілер қайдан? Қайырмасы.
|
Notes
|
Таң жұлдызым
|
|
Lirycs
Өзіңде менің өмірім, Көзіңде тұр ғой көңілім. Алдыңа келдім арманым, Аялда асыл ардағым.
Қайырмасы: Таң жұлдызым, жан жұлдызым, Өзіңсің ашық аспаным. Ақынның тілі, бұлбұлдың үні, Бір өзіңсің асқарым.
Өзіңе күндіз күн ғашық, Өзіңе түнде түн ғашық. Қиялдың құсы көктегі, Өзіңсің өмір көктемі. Қайырмасы.
|
Notes
|
Теміртау жастарының жыры
|
|
Lirycs
Жапанға құйын кезген, боран буған, Қырау мен қара нөсер бетін жуған. Келдік біз қолмен жасап жайнатуға, Қаланы жалын атып жаңа туған.
Қайырмасы: Нұрлы Нұра даласы, Міне, бүгін қарашы, Жас ұландай жайнап өскен Теміртаудың қаласы.
Шақырып шартарапты алыс қырдан, Бұл қала қыз-жігітті таныстырған. Далада дабыл қаққан еңбек жыры Баласын барлық ұлттың табыстырған. Қайырмасы.
Тынбайды күрес қызып, жұмыс таңда, Күштіміз балқып жатқан құрыштан да. Жалынды жастық шақтың белгісіндей, Теміртау айналады гүлстанға. Қайырмасы.
|
Notes
|
Теңіздегі алтын таң
|
|
Lirycs
Таң келеді алтын таң, Таңның нұры қырмызы. Таң келеді алтын таң, Алаулаған таңертең Тамылжыды жер жүзі Аш ұйқыңды, жан еркем, Таңның гауһар жұлдызы.
Көк телегей көлдейді Көрші теңіз құдіретін Суды самал тербейді Таңғажайып таңертең Шайқап аспан суретін Жүрші тысқа, жан еркем Көрші маржан су бетін.
Айдын шалқар шақырып Шайқалады кемеміз Шабыт шіркін шарқ ұрып Таңдай сұлу жан еркем, Гүл құшақта, келеміз Күміс судан таңертең Алтын моншақ тереміз.
|
Notes
|
Туған ел
|
|
Lirycs
Туған жер қандай көркем мөлдіреген, Желегі желмен ойнап желбіреген. Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы, Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің, Саяңда сайрап өскен өрендерің. Мен едім соның бірі – қарыздармын, Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.
Қашанда қарыздармын, елім, саған, Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған. Жүректің арнап ыстық махаббатын, Туған ел, берерім көп менің саған.
|
Notes
|
Туған ел
|
|
Lirycs
Байтақ дала – туған жердің, Қымбат маған әр тасы. Өзен, көлі, самал желі, Асқар тауы – баршасы. Бақыт нұры құшып мені Кең өлкеме тарқашы! Алшаң басып еркелеуім, Туған елдің арқасы.
Қайырмасы: Отаным, жайнай бер, Жазира, жерім, дарқан! Еркелеуім сенің арқаң, Сенің арқаң, туған ел!
Аспаныңда мен болайын, Ай, жұлдызды шарлаған. Еңбегіммен ер болайын, Барын саған арнаған. Бір өзіңдей кең болайын, Бақыт бердің сен маған. Қасиетіңнен айналайын, Туған елім – кең далам! Қайырмасы.
|
Notes
|
Туған жер
|
|
Lirycs
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн, Анам сенсің, жолдан тайсам ұрсатын. Саған қарай ұшып келем, ұшып келем, туған жер, Көктем жаққа құстар солай, құстар солай ұшатын.
Қайырмасы: О, туған жер, қадіріңді кім білген, Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген. Сенде өткізген артық екен, артық екен бір күнім, Басқа жерде той тойлаған, той тойлаған мың күннен.
Қайда жүрсем ойлап сені жүремін, Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім. Саған ғана арқамды мен, арқамды мен сүйедім, Саған ғана аяғымды, аяғымды тіредім. Қайырмасы.
Кетсем сенен алысырақ жыраққа, Мен өзіңді көрмесем-ақ бір апта. Жүдеп қалам, ұқсап қалам, ұқсап қалам сонда мен Құяр жерін таба алмаған, таба алмаған бұлаққа. Қайырмасы.
|
Notes
|
Туған жер
|
|
Lirycs
Ардақты асыл мекен атырабым, Бағына баурап мені шақырады, Кешегі өзім кеткен өркенді өлкем Кең жайып бар құшағын жатыр әлі.
Қайырмасы: Ей, туған жер, туған жер, Елім қандай, желің қандай, туған жер! Кешегі асыр салған дала мекен, Есіңде ескірмей бір қалады екен, Бір жұтсаң туған жердің самал желін, Сусының шөлдегенде қанады екен.
Көл жатыр көлбей түсіп айнадайын, Туған жер, өзің барда қайда уайым. Қара орман қайысып бір қол бұлғайды, Балқұрақ балаусаңнан айналайын Қайырмасы
|
Notes
|
Ақ қайыңдар
|
|
Lirycs
Ақ қайыңдар жапырағы көлбеген, Ақ қайыңдар сырласады желменен. Ақ қайыңдар жайқалады жаз сайын, Ақ қайыңдар жас өмірдей өрлеген.
Ақ қайыңдар көңілімнің гүлі еді, Ақ қайыңдар мәңгі есімде жүреді. Жүрегімде ұялаған бір сыр бар, Сол сырды тек ақ қайыңдар біледі.
|
Notes
|
Ақ жайық
|
|
Lirycs
Ақ Жайық, асыл өзен, дария суым, Шертілер сенен бөлек бар ма сырым. Мен өстім толқыныңда аунап сенің, Жағаңда жатып тыңдап орман шуын.
Қайырмасы: Күміс өзен күмбірлеп, Сыр құясың жаныма. Сіңгендейсің бір-бірлеп, Туысымдай қаныма.
Жағаңда қалды біздің балалық шақ, Толқынмен ойнап өсті аударыспақ. Арман не, өмір-теңіз арнасына, Сарқылмай құя берсек саған ұқсап.
Қайырмасы: Туған өзен Ақ Жайық, Тербет бізді тағы да. Барып қайтсам, шіркін-ай, Сонау сәби шағыма.
|
Notes
|
Ақ жайық
|
|
Lirycs
Көп болды Ақ Жайыққа бармағалы, Көп болды кәусарына қанбағалы. Көп болды жас сұлудың демін жұтып, Құрбымен қосылып ән салмағалы.
Қайырмасы: Гәккулі мекен, Аққулы мекен, Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
Көп болды Ақ Жайыққа беттегелі, Көп болды атамекен жет дегелі. Көп болды айлы аспанның аясында Құрбыммен алтыбақан теппегелі.
Қайырмасы: Дүлдүлді мекен, Бұлбұлды мекен, Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
Ақ Жайық, сенің орның ала бөтен. Таппадым теңеу іздеп далама тең. Өзіңе деген ыстық махаббатты Өзіммен бірге көрге ала кетем!
Қайырмасы: Ұранды мекен, Қыранды мекен, Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
|
Notes
|