-
Күткенде
-
Ай, жұлдыздан аспанда нұр жанғанда,
Қызғалдақ пен бәйшешек гүл жарғанда.
Келем деген жеріңде күтіп тұрмын, қалқатай,
Күткен қиын сарғайып тұрған жанға.
Күтіп тұрмын өзіңді қайда жүрсің,
Әлде маған табылмас арманбысың?!
Келесің бе, білмеймін, келмейсің бе, қалқатай?
Көрінші бір жарқ етіп, арман құсым.
Куә болсын сан жұлдыз, ашық айым,
Бір өзіңде нұр болып шашырайын.
Үмітімнің отындай бір көрінші, қалқатай,
Күн жайлаған аспандай ашылайын. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары