Әлқисса
Нұрғиса Тілендиев
  • Ақ жайық

  • Ақ Жайық, асыл өзен, дария суым,
    Шертілер сенен бөлек бар ма сырым.
    Мен өстім толқыныңда аунап сенің,
    Жағаңда жатып тыңдап орман шуын.

    Қайырмасы:
    Күміс өзен күмбірлеп,
    Сыр құясың жаныма.
    Сіңгендейсің бір-бірлеп,
    Туысымдай қаныма.

    Жағаңда қалды біздің балалық шақ,
    Толқынмен ойнап өсті аударыспақ.
    Арман не, өмір-теңіз арнасына,
    Сарқылмай құя берсек саған ұқсап.


    Қайырмасы:
    Туған өзен Ақ Жайық,
    Тербет бізді тағы да.
    Барып қайтсам, шіркін-ай,
    Сонау сәби шағыма.

  • Category:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары