-
Күтем сені күнсайын
-
Күте-күте, құрбым, күнде,
Күйіп жандым өрт болып.
Жол бойында тұрмын міне,
Екі көзім төрт болып.
Қайырмасы:
Жүзім менің жайраңдаған
Жабығады, келмесең.
Көру сені – мейрам маған,
Қайғырамын, көрмесем!
Көру сені – мейрам маған,
Қайғылымын, көрмесем!
Сенсің қайғы, бақытым да,
Сенсің жұлдыз, айым да!
Оралмасаң уақытында,
Батамын мен уайымға
Қайырмасы.
Құятұғын көңілге нұр
Күн де өзіңсің шуақты.
Менің үшін бүкіл өмір
Сені күту сияқты!
Қайырмасы. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары