-
Теміртау жастарының жыры
-
Жапанға құйын кезген, боран буған,
Қырау мен қара нөсер бетін жуған.
Келдік біз қолмен жасап жайнатуға,
Қаланы жалын атып жаңа туған.
Қайырмасы:
Нұрлы Нұра даласы,
Міне, бүгін қарашы,
Жас ұландай жайнап өскен
Теміртаудың қаласы.
Шақырып шартарапты алыс қырдан,
Бұл қала қыз-жігітті таныстырған.
Далада дабыл қаққан еңбек жыры
Баласын барлық ұлттың табыстырған.
Қайырмасы.
Тынбайды күрес қызып, жұмыс таңда,
Күштіміз балқып жатқан құрыштан да.
Жалынды жастық шақтың белгісіндей,
Теміртау айналады гүлстанға.
Қайырмасы. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары