Күннің нұры шың басына өрмелеп,
Қоштасқанда бұлттарменен көктегі.
Келші құрбым, кешкі қоңыр самал боп,
Дөң басына, жас еменге шеттегі.
Ақ ниетпен сонда ұзақ сырласып,
Келер таңды бірге қарсы алайық.
Келсектағы екі жақтан екеуміз,
Қол ұстасып ауылға бір барайық.
Осы бір кеш біздер үшін болмасын,
Көп кештердей белгісі жоқ өткен бір.
Екеуміздің сезіміміз қашанда
Таңғы шықтай болсын құрбым мөп-мөлдір.