Біздің антымыз Отанға,
Жауды жеңу бұл таңда.
Ал, алға бас, жолдастар,
Жер бетінен фашисті құртуға.
Қас жау халыққа, қанқұмар,
Сұр жыландай сұм, шұбар.
Сол сұмырайды құртамыз,
Ер жауынгер, майданға тартыңдар.
Тиген тып-тыныш елдерге,
Гүл жайнаған жерлерге.
Қан көксеген жалмауыз,
Өзі тиген жойылсын жерлерде.
Жауды күл қылып майданда,
Құртып көктен, ойдан да.
Бас маршты асқақтай,
Абыройлы, намыспен майданға!