Сағынғанда жарыңа
Жіберіпсің орамал.
Жабырқасам, жаныма –
Жәрдем берген сол – аужал.
«Сәулеме» деп жазылған
Орамалда сөзің тұр.
Сонда сенің сағынған
Мөлдіреген көзің тұр.
Жалғыз ауыз сөзіңді
Дәрмен көріп жаттаймын.
Қайда жүрсем өзіңді
Көкіректе сақтаймын.
Сақтай-сақтай жүремін
Төс қалтамнан шығармай.
Жүрегің мен жүрегім
Бірге соғып тұрғандай.