Жайлаукөл кештері
|
|
Текст песни
Алаулап күн батса қырды асып, Кетуші ек, қалқатай, сырласып. Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені, Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері.
Ай туып, жұлдыздар жанғанда, Қол созып көктегі арманға. Жүрген кез жүректен, жүректен қшпеді, Жақсы еді-ау, дариға, Жайлаукөл кештері.
Мүлгіген тыныштық айнала, Шу бойы ырғалып жай ғана. Гүлдерді тербетіп самалдың ескені, Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері.
|
Ноты
|
Жайлауым бақша
|
|
Текст песни
Шаттықпен саяхатта әнге салам, Қынама гүл будасын қолыма алам. Шарықтап қиял тербеп, көңіл сергеп, Тек қана өз бақшамда рахаттанам.
Қайырмасы: Жайлауым бақша жайнаған, Бұлбұлы болам сайраған. Бақшама сый қып тартарым, – Шырқата салған әдемі ән.
Суы бал, көк майсасы белуардан, Келсең кел деп алқабы құшақ жайған. Жанға жай, төрт түлікке қоңыр салқын, Басқада мұндай жайлау болсын қайдан? Қайырмасы.
|
Ноты
|
Жамбыл жастарының вальсі
|
|
Текст песни
Көркіңді көріп сүйінем, Жасампаз қала – Жамбылым. Шырқаған көңіл күйімен Арналсын әсем ән-жырым.
Қайырмасы: Қойылған сәтті өзіңе Жамбыл деп даңқты ұлы есім. Өмірге дарқан сенің де Ғажайып қосқан үлесің.
Көркейткен жайсаң жерімді, Кенім бар бақыт-берекем. Кенелткен байтақ елімді Ақ алтын дәнге сол екен.
Қайырмасы: Сәулетті, сәнді, тұрмысты, Байлығың шалқар шалқыған. Ақпейіл, азат, ырысты Айналдым туған халқымнан.
Алатау менен Қаратау Тоғысқан жері – тұрағың. Сімірсем суың шәрбат-ау, Мөлдіреп ерке бұлағың.
Қайырмасы: Қанатын жайып жас орман, Үйлерің өскен жараса, Жыл өткен сайын жасарған Жамбылым қандай тамаша!
|
Ноты
|
Жанарым
|
|
Текст песни
Сапар шексем алысқа, Сен жанымнан қалмайсың. Қиындықта қалыспай, Қиялымды жалғайсың.
Мол бақыттың жайында Сырласумен айта алдық. Қарағай мен қайыңдай Қатар тұрып жайқалдық.
Қайырмасы: Сәулем, сәулем, сәулем, Кір шалмаған арымсың. Сезімдегі жалынсың, Басымдағы бағымсың. Домбырамның үні сен, Жүрегімнің жыры сен, Жанарымның нұры сен!
Көзің сенің мөлдір көл, Тымық күйде жолықтым. Шарасынан сол бір көл Төгілер деп қорықтым.
Домбыраға тағылған Егіз ішектей жұптастық. Үміт алда жағылған Келешекке нық бастық. Қайырмасы.
Күндіз күлген Күнімсің, Түнде туған Айымсың. Жайнап тұрған гүлімсің, Ойға шомған қайыңсың.
Жаз орнатқан жаныма Сәулем – сұлу сезімсің. Жарық күнді сыйлаған Жанарым да өзіңсің! Қайырмасы.
|
Ноты
|
Жан сәуле
|
|
Текст песни
Жан сәулем, асыл бейнең көз алдымда Көргенде нұр жүзіңді төзе алдым ба?! Әніңе жаным құмар, Қол жетпес сен бір шынар. Қол жетпес арман бір күнің, Шырқашы, сәулем, Шырқашы, сәулем, Ән болып өтсін бұл жылың, Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!
Өзгеге қайтіп сені қия аламын, Бір өзің жүрегімде ұяладың. Күн болшы аспаныма, Нұр толсын жас жаныма. Бақытым сенсің жалғанда, Шырқашы, сәулем, Шырқашы, сәулем, Әлемді әнмен таңданта, Шырқашы, сәулем, жан қалқа!
Қайтейін, бұл жүрегім күйсін-жансын, Махаббат белгісіндей әнім қалсын. Әніңе жаным құмар, Қол жетпес сен бір шынар. Қол жетпес арман бір күнің, Шырқашы, сәулем, Шырқашы, сәулем, Ән болып өтсін бұл жылың, Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!
|
Ноты
|
Жаңа жыл әні
|
|
Текст песни
Шашуындай даланың, Жалтылдайды күміс қар. Қоңырауындай қаланың, Сыңғыр-сыңғыр хрусталь.
Қайырмасы: Тұңғыш балаң туғандай, Қуанышты күн қандай. Көтерілсе, желпінсе, Көңіл қайтер нұрланбай.
«Ақ қайнарлар» бұрқылдап, Атылғанда аспанға. Кәриялар қутыңдап, Қол соғады жастарға. Қайырмасы.
Туған Отан, халқымыз, Жырмен бастап жыл басын. Жеңіс – елдік салтымыз, Еңбегімен жырласын. Қайырмасы.
|
Ноты
|
Жаңа жыл кешінде
|
|
Текст песни
Аппақ бүгін қыр, дала, Ақ дастархан жапқандай. Халық біткен қарбалаң, Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш, Әрбір көзде жақсы үміт. Келер жылға мың алғыс Әкелген көп жаңалық.
Қайырмасы: Жаңа жыл құтты болсын, орта толсын, Қуаныш бәрімізге ортақ болсын. Іске ассын жақсы армандар, тәтті үміттер, Тек қана жаңа жылда жақсылық көр!
Жаңа жылда алдағы, Көңіл өссін, кеңейсін. Ортақ ойы, арманы, Жақсы достар көбейсін.
Оқ атпасын ешкім де Өмір деген тым ыстық. Жұмыр жердің үстінде, Бұзылмасын тыныштық. Қайырмасы.
|
Ноты
|
Жар-жар біздің жаңаша
|
|
Текст песни
Жігіт: Кәне достар, жолдастар, той басталық, Той бастамай, қызыққа тоймас халық. Жаңғыртайық жар-жарды жаңаша біз, Жаңа тілек, жаңа өмір, жолды еске алып.
Хор: Жар-жар біздің жаңаша, Келін қандай тамаша. Кәне, бетін ашайық, Көрімдігі жараса, Көп халайық қаласа, қаласа.
Жігіт: Анау тұрған атақты ақын ағаң, Жұрт аузында өлеңі жарқылдаған. Той серісі, елінің еркесіне Сәлемің бар, жас келін, айтылмаған.
Хор: Сәлем біздің жаңаша, Келін қандай тамаша. Ақын аға риза, Жақсы көзбен қараса, Қарауға ақын жараса.
Жігіт: Бәрекелді, той сәнін жаңа тапты, Ғалым мынау жинаған бар атақты. Келін қалқам, көзіңнің қиығын сал, Сәлем берер ме екен деп қарап қапты.
Хор: Сәлем біздің жаңаша, Келін сондай тамаша, Бердің сәлем ғалымға, Ғалым сәлем ала алса, Көрімдігін таба алса.
Жігіт: Ел иесі, ал мынау ел беделі, Елімізге атақты Еңбек ері, Келін сәлем береді арнап сізге, Ең құрметті аға деп, ең кәделі.
Хор: Келін қандай тамаша, Сәлем бүгін жаңаша, Сол сәлемді жолдаймыз Ер кәдеге жараса, Қуанамыз балаша.
Келіншек: Ау, күйеужан, күйеужан, кел жақында, Біздер айтқан құлақ сал сен де ақылға. Адыраңдап, «алдым» – деп, арды ұмытсаң, Күйеу түгіл, жараспас ер қалпыңа.
Хор: Жар-жар біздің жаңаша, Келін сондай тамаша, Қыз жарайды күйеуге, Күйеу қызға жараса, Шын жүрегі қаласа.
Келіншек: Ақылымды еркежан, саған да айтам, Білімдісің, жан жетпес бағаңды айтам. «Өзі болған қыз төркінін танымастың» Қалпын істеп жүрмегей қайран қалқам!
Хор: Жар-жар біздің жаңаша, Күйеу сондай тамаша, Күйеу қызға жарайды Қыз күйеге жараса, Жүрегіне баласа.
Хор: Бәрекелді, той болды ең ғажайып, Екі ғашық, ел сүйген ерлі-зайып. Мәңгі мұндай салтанат сарқылмасын, Махаббатты мадақтап жыр жазайық.
Жар-жар біздің жаңаша, Жыр жырлаймыз жараса, Тойдың көркі қыз-жігіт Көз тоймайды қараса, Бола берсін осылай Тағы талай тамаша! Тамаша!
|
Ноты
|
Жар сағынышы
|
|
Текст песни
Аттанарда тың жерге: «Аз күн ғой» ғой деп жұбаттым. Өтті талай күндер де, Бір көруге құмарттым.
Махаббаттың сәулесін Құя берші жүрекке. Сағындым ғой, сәулешім, Келші жақын, жүдетпе.
Кездесер күн жадымда, Ол кез әлі жырақ тұр. Тек сен болсаң жанымда, Бәрі маған ұнап тұр.
|
Ноты
|