Ақ жайық
|
|
Текст песни
Ақ Жайық, асыл өзен, дария суым, Шертілер сенен бөлек бар ма сырым. Мен өстім толқыныңда аунап сенің, Жағаңда жатып тыңдап орман шуын.
Қайырмасы: Күміс өзен күмбірлеп, Сыр құясың жаныма. Сіңгендейсің бір-бірлеп, Туысымдай қаныма.
Жағаңда қалды біздің балалық шақ, Толқынмен ойнап өсті аударыспақ. Арман не, өмір-теңіз арнасына, Сарқылмай құя берсек саған ұқсап.
Қайырмасы: Туған өзен Ақ Жайық, Тербет бізді тағы да. Барып қайтсам, шіркін-ай, Сонау сәби шағыма.
|
Ноты
|
Ақ жайық
|
|
Текст песни
Көп болды Ақ Жайыққа бармағалы, Көп болды кәусарына қанбағалы. Көп болды жас сұлудың демін жұтып, Құрбымен қосылып ән салмағалы.
Қайырмасы: Гәккулі мекен, Аққулы мекен, Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
Көп болды Ақ Жайыққа беттегелі, Көп болды атамекен жет дегелі. Көп болды айлы аспанның аясында Құрбыммен алтыбақан теппегелі.
Қайырмасы: Дүлдүлді мекен, Бұлбұлды мекен, Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
Ақ Жайық, сенің орның ала бөтен. Таппадым теңеу іздеп далама тең. Өзіңе деген ыстық махаббатты Өзіммен бірге көрге ала кетем!
Қайырмасы: Ұранды мекен, Қыранды мекен, Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
|
Ноты
|
Айт келін
|
|
Текст песни
Ақ бетіңді езгілеп, Бояй көрме, келіншек. Етегіңді кескілеп, Тонай берме, келіншек. Жуа сал деп еденді, Жорғалама, келіншек. Айналдырма енеңді, Қолбалаға, келіншек.
Қайырмасы: Ха-ла-ла-лау, айт келін, Ха-ла-ла-лау, тәйт келін. Айналдырма енеңді, Қолбалаға, келіншек.
Тайталасып еріңмен, Шарап жұтпа, келіншек. Дәм кетеді еріннен, Бола берсең көңілшек. Жалбаң қағып шалпылдап, Жайдақтама, келіншек. Жасы үлкеннің алдында, Тайраңдама, келіншек. Қайырмасы.
Айт, келін-ау, айт, келін! Айтатын сөз көп келін. Кейбір кесір әйелдің, Әдетінен қайт келін. Бұзылар деп сымбатың, Селтең қақпа, келіншек. Сәбиіңді жылатып, Сүттен қақпа, келіншек. Қайырмасы.
|
Ноты
|
Айтшы, ақ еркем
|
|
Текст песни
Жанында алтын арай арманы бар, Жан едім жарқыраған таңға құмар. Аңсары жас жүректің ауды саған, Мезгіл бар ма тынар, айтшы, ақ еркем!
Қайырмасы: Ай, жан қалқа, жан қалқа, Таң боп атшы маған, жан қалқа, Жадыратшы мені, жан қалқа!
Аңсайтын дос құшағын бірдей ашып, Жан едім жарқыраған гүлге ғашық. Күн күлкің, гүл құшағың, балдай ернің Болады кімге нәсіп, айтшы, ақ еркем! Қайырмасы.
Болғанда сіз бір аққу, мен бір сұңқар, Аққуға асығады жүрек тұлпар. Аруды айдындағы бір ілмей-ақ, Өтем бе болып іңкәр, айтшы, ақ еркем! Қайырмасы.
|
Ноты
|
Ақ ерке
|
|
Текст песни
Таң шолпаны табыстың қай күні маған, Жас құшағын жаздым да жайдым саған. Асқарлы асу Алатау жатыр әне, Сол асудай арман бол айрылмаған.
Қайырмасы: Айналайын, алтынайым, жан еркем, Күнім болшы, күліп шыққан таңертең. Ай, ай жан еркем, Көңілімдегі күйдей күтсін бар өлкем.
Жаз еркесі айдынның аққуындай, Қай күн әкеп берді екен бақты мұндай, Жанарында жарқ еткен жарқын өмір Жаңа ғана гүл атқан жастығымдай. Қайырмасы.
|
Ноты
|
Ақ босаға
|
|
Текст песни
Қыз аттаған, келін кеп, ақ босаға, Ақ босаға, мерейлі бақ босаға. Қасиетті халқымның дәстүріне, Куә боп ғасырлар жатты осы ара.
Қайырмасы: Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл-дария секілді пейілдері-ай. «Абысын тату болса, ас көп» деген, Мақалдың айтылуы тегін бе еді.
Қариялар батасын береді екен, Бата деген ақ тілеу керек екен. Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек, Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.
Қайырмасы: Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл дария секілді пейілдері-ай. Бір шаңырақ келінсіз көтерілмей, Бір кереге келінсіз керілмеді.
Татулықпен тамсантқан ауылымды, Ардақ тұтқан аға-іні, бауырымды. Ізеті мол қазақтың келіндері, Бағалаттың баршаға қадіріңді.
Қайырмасы: Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, Көл дария секілді пейілдері-ай. Сол келіндер арқасы, босағадан, Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.
|
Ноты
|
Аққу
|
|
Текст песни
Шынықтырып топшысын дауылына, Қауырсынын қаратып жауыныңа, Аққу қайтып оралар айдынына!
Айлы түнде қатарын созып ұшып, Аңшылардың оғынан озып ұшып, Аққу қайтып оралар айдынына!
Туған жерге тойған жер жетеді ме?! Отансыздар опық жеп өтеді де! Аққу қайтып оралар айдынына!
|
Ноты
|
Аққуым
|
|
Текст песни
Аққуым аспанда емес, жерде менің, Үніне тоқсан түрлі тербелемін. Келгенде шын айтуға, сыр айтуға, Болып жүрген көктен алыс жер дегені.
Қайырмасы: Сен жырлайсың гәкку деп, Мен жырлаймын аққу деп. Саған ғана құмармын, Болса-дағы аққу көп.
Аққуым аспанда емес, жер бетінде, Сұлулық тұр тояттап көл бетінде. Сол болып түн ұйқымды төрт бөледі, Оятып таңда бұлбұл, жел де түнде. Қайырмасы.
Қайтейін, төзем-дағы мен дертіме, Тимесін аққуымның жел бетіне. Дауысын жүрегімнің естіп бірде, Әндетіп жүрсе болды жер бетінде! Қайырмасы.
|
Ноты
|
Ақ мақта
|
|
Текст песни
Жан едім көп сенімін, серт ақтаған, Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан. Менде бір ауылымның жұлдызымын, Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.
Қайырмасы: Еңбегіңмен ер боп ақта, Еліміздің үмітін. Алтын мақта біздің жақта, Кел ауылға, жігітім!
Құрбыжан, қарай берме көп қадалып, Әзіл сөз сен жөнінде жүр таралып. Алыстан сығаламай ауылға кел, Теруге ақ мақтаны бір баралық. Қайырмасы.
Елімнің көңіліндей кең даламыз, Кел, біздің аулымызға қарсы аламыз. Толқыған ақ алтынның ортасында, Шырқатып мақта деген ән саламыз. Қайырмасы.
|
Ноты
|