Есімнен еш кетпейді Ғайни атың,
Өртеген жүрегімді перизатым.
Бұлақтай көгал қуған таудан құлап,
Бересің кімге арнап бал ләззаттан?!
Қайырмасы:
Ғайни-ау, жан сәулем,
Жүрегім менің бүйтіп сенің әурең.
Қарағым, өзіңнен де сөзің тәтті,
Сөзіңнен өзің артық инабатты.
Қоянның қолға түскен көжегіндей,
Жаутаң көз, сені қандай адам тапты?!