Көрінесің жан сәулем тоты құстай,
Сені көріп көңілім алып ұшты-ай.
Бәрі бірдей адамзат бірдей емес,
Бірі алтын болса да бірі мыстай.
Қайырмасы:
Қос етекті жұбай-ай,
Осылай шығар ыңғай-ай,
Не қыл дейсің, ибай-ай.
Шай құй депті шырақ-ай,
Сен де тынды жеңгей-ай,
Сусар-ай, сусар-ай,
Сусын әкел қыздар-ай.
Кәмпит берші Әбилә-ай,
Алып келші Нағима-ай,
Мақұл дейді Жәмилә-ай.
Бидай өңді, аққұба, ақша маңдай,
Қызыл құмнан шұбалтып қашқан аңдай.
Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен,
Көңілің еркем болып жүр әлде қандай.
Қайырмасы.