Аңсау
Нұрғиса Тілендиев
  • Таң нұры

  • Шығыстан арайланып таң атады,
    Әлемге алтын нұрын таратады.
    Әлпештеп маңдайымды аймалайды,
    Анамның сипағандай алақаны.
    Күн сәуле нұрға бөлеп айдаланы,
    Әлдилеп ән билейді айналаны.
    Әркімге бейбіт еңбек құшақ жайып,
    Туған жер той-думанға айналады.

    Қайырмасы:
    Маздатып өмірдегі тамашаны,
    Шығыстан сәуле шашып таң атады.
    Арайлы күн шуағы,
    Көңілден шаттық нұрын таратады.

    Сәбидің күлкісіндей жымыңдаған,
    Жан болмас таң нұрыныа жылынбаған.
    Жеңістің жаршысындай алау шашқан,
    Туым бар мәңгібақи жығылмаған.
    Жайып сап туған жердің гүл шырайын,
    Көрсеткен дүниенің нұр шырағын.
    Көргім кеп тұрады ылғи ерте оянып,
    Осындай бейбіт таңның күн шуағын.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана