Көңіл толқыны
Секен Тұрысбеков
  • Кім едің сен

  • Композитор: Әсет Бейсеуов
  • Балғын жүзі албырап алау атқан,
    Балапандай қанатын жаңа қаққан.
    Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен,
    Ақ сәулеге оранып бара жатқан.

    Қайырмасы:
    Аққуымсың, әнбісің
    Күнде алдымнан шығатын.
    Алаулаған таңбысың
    Көз алдымда,
    Көз алдымда тұратын.

    Аққуға ұқсап ойнаған айдын көлде,
    Орамалың желбіреп таңғы желге.
    Айдалада абайсыз жолыққандай,
    Жанарымнан жасқанып қалдың неге?
    Қайырмасы.

    Күнде алдымнан шығасың таң алдында,
    Ақша бетің албырап алау нұрға.
    Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен,
    Арман үшін, қалқам-ау, жаралдың ба?!
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана