-
Кешкі әуен
-
Сәулесі күннің таулардан асып,
Алқызыл бояу барады батып.
Сәлден соң енді арайлы шуақ,
Ең соңғы нұрын қалады шашып.
Қайырмасы:
Маужырап мүлгиді кең дала,
Сыбырлап сыр шертер жел ғана.
Шырқашы, даусыңды аңсадым,
Барлығын айтады ән ғана.
Шырқалса кешкі сенің бір әнің,
Ашады нәзік көңілдің әрін.
Мұңая берме, күрсінбе, жаным,
Әнге қос әсем өмірдің жазын.
Қайырмасы.
Ойларға шомып жатады таулар,
Далаға нұрын шашады шамдар.
Күн батты ғой деп мұңайма қалқам,
Шығыстан тағы атады таңдар.
Қайырмасы. -
Категория:
Песни композиторов казахстана