-
Бесік жыры
-
Сен жүрер деп алдыңда жолың жатыр,
Атқа мінсең, атаңдай болған батыр.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Орман, тоғай жайнайды сені күтіп,
Бұлбұл әнге салады сан құбылтып.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Тауға шықсаң атаға гүл ала кел,
Алдың ашық, жан бөпем, қуана бер.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Әнге, күйге әрқашан толы бауың,
Мектебің де соғады қоңырауын.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай!
Сен алысқа кеткенде сағынамын,
Ұйықтап қалдың біткенше менің әнім.
Әлди-ай, әлди-ай, әлди-ай! -
Категория:
Песни композиторов казахстана