-
Бейбітшілік маршы
-
Бүкіл әлем көгін шарлап келем мен,
Менің елім күн нұрына бөленген.
«Бейбітшілік керек!» – дейді жер үсті,
Жалындаған, дауылдаған өлеңмен!
Қайырмасы:
«Бейбітшілік!» – халық ұраны,
Лаула мәңгі өмір шырағы!
Бүкіл әлемде,
Шалқар қоныста
Жол жоқ қанды соғысқа!
Ақыл-ойы адамзаттың ғажап шың,
Оты болмай, соты болсын азаптың!
Таза ауадай жер үстінде жасасын
Бақыт, теңдік, бейбітшілік, азат күн!
Қайырмасы.
Өмір керек – маған, саған, оған да,
Өмір туы біздің туған Отанда!
Адам досы – Совет халқы бастаушы
Соғысы жоқ, бақыты мол қоғамда!
Қайырмасы. -
Категория:
Песни композиторов казахстана