Әлқисса
Нұрғиса Тілендиев
  • Баянауыл вальсі

  • Көрдің бе сен, Баянның шың-құздарын,
    Кеудесінде ойнаған жұлдыздарын?
    Көрдің бе сен Баянның баурайында
    Жайраң қағып, жайнаған ұл-қыздарын.

    Қайырмасы:
    Таулары биік айбынды,
    Көлдері мөлдір айдынды.
    Қыздары көркем май гүлі,
    Баянның ұлдары көпке әйгілі.

    Асқақтатып ақ беттен Баян әнін,
    Жер сұлуын келсе егер аялағың.
    Жасыбайдың көлінде сайран салып,
    Саяла сен жұпарлы сая бағын.
    Қайырмасы.

    Баянауыл басында күн аумайды,
    Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды.
    Алматыдан алыстау демесеңдер,
    Алатаудан Баяным бір аумайды.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана