Аңсау
Нұрғиса Тілендиев
  • Баркарола

  • Композитор: Ғазиза Жұбанова
  • Толқы, толқы, тал қайық,
    Толқында шайқал, тербетіл.
    Көк айдынды шарлайық,
    Кезейік кербез көл бетін,
    Толқын жалын қармайық.

    Қайырмасы:
    Жанымда толқын тулайды,
    Отты махаббат тынбайды.
    Қайығым, көлде көлбе,
    Сейілсін зілдей мұң-қайғы.

    Шалқы, шайқал, көк айдын,
    Ақ бұйра жалын жазылсын.
    Жағалауға қараймын,
    Қыз бірақ мені нағылсын!
    өтті жарсыз талай күн.
    Қайырмасы.

    Самға, қайық, алып ұш,
    Алдымнан айдын ашылсын.
    Жүрек толы сағыныш,
    Алауы аздап басылсын.
    Самға, қайық, алып ұш!
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана