Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Қазақ дастарқаны

  • Композитор: Елемес Мағазов
  • Амандықта әрдайым малмен жайың
    Көкжиектен арайлап атар таңың,
    Қонақ келсе ауылыңа кең жайылар
    Армысың қазақтың дастарқаны.
                  
    Қайырмасы:
    Айнала желек тал болсын,
    Баланың тілі бал болсын
    Немересін әлдилеп
    Кемпірменен шал болсын.
    Тату тәтті тұратын
    Абысын келін бар болсын,
    Әзіліңді көтерер,
    Жеңгелері нар болсын.
    Сырыңды айтпай ұғатын,
    Қасыңда әсем жар болсын
    Бәрінен де жоқ жаман!
    Ағайын туыс бар болсын.

    Әркашанда әнмен күй шабыт үшін!
    Жаны жайсаң қазақтай халық өссін!
    Қол соғайық отырған барша ағайын?
    Жас ұрпақтың келешек бақыты үшін.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана