Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев
  • Еркетайым

  • Кең даланың кер маралы, күн қызығар келбетіңе,
    Келші бермен – тигізбейін жел бетіңе.
    Келші бермен, еркетайым,
    Бірге шалқып, бір күлейік,
    Қос аққудай бір жүрейік.

    Көк аспанның күмбезінде жаңа туған ай секілді
    Ақ дидарың нұр таратсын жер бетіне.
    Келші бермен, еркетайым,
    Бірге шалқып, бір күлейік,
    Қос аққудай бір жүрейік.

    Кер даланың кер маралы, жалт еткенде көз жанарың,
    Елжіретер жан-жүрегін бозбаланың.
    Келші бермен, еркетайым,
    Бірге шалқып, бір күлейік,
    Қос аққудай бір жүрейік.

    Балбыраған балаусадай енші менің құшағыма,
    Деп жүрейін мәңгі-бақи өз қарағым.
    Келші бермен, еркетайым,
    Бірге шалқып, бір күлейік,
    Қос аққудай бір жүрейік.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана