Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Ойыл вальсі

  • Композитор: Әблахат Еспаев
  • Кел біздің Ойыл, Қиыл саламызға,
    Жан сая самал өскен даламызға.
    Байлаулы балдай тәтті бағланымыз,
    Сар қымыз сапырулы сабамызда.

    Қайырмасы:
    Қыры қырман қайнаған,
    Ойы думан шалқыған.
    Атамекен туған жер,
    Айналайын Ойыл деген,
    Ойыл деген даңқыңнан!

    Сыңсыса су бойында бақтарымыз,
    Сай күміс өсті қырда ақ тарымыз.
    Ай жатып аулымызды араласаң,
    Белдеуде дәйім дайын аттарымыз.
    Қайырмасы.

    Жез таңдай желдей ескен жыршымыз бар,
    Ойнаған он саусағы күйшіміз бар.
    Қыздырған қыруар жігіт делебесін
    Қынай бел, қаз омырау бишіміз бар.
    Қайырмасы.

    Елім бай жаны жомарт жастарыма,
    Жерім бай жеңістердің дастанына.
    Ардақтап ата Шоқан аруағын,
    Тартамыз талай табыс асқарына.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана