Әлқисса
Нұрғиса Тілендиев
  • Шаттық вальсі

  • Жаз келгенде гүлге толады туған даламыз,
    Күлімдеп біздер ән саламыз.
    Ұшқан құстай еркін шарықтап қанат қағамыз,
    Бақыт табамыз.

    Қайырмасы:
    Гүл – жастық шақтың серігі,
    Гүл – махаббаттың көрігі.
    Жайнай берші жасыл бақта,
    Осынау шақта!

    Құс келеді жырмен оятып ашық аспанды,
    Қуаныш тербейді жас жанды.
    Жарқын көктем шаттық шалқары, уақыт дастаны,
    Әнмен басталады.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана