Қосбасар
Сүгір
  • Партизандар достығы

  • Композитор: Әблахат Еспаев
  • Шайқасты отты жүрек жарқын жандар,
    Қапаста пана болып қалың орман.
    Жайратып жүрді жауын партизандар,
    Қыранша тұтқиылдан салып ойран.

    Қайырмасы:
    Батыр жүрек жарқын жандар –
    Құдіретті партизандар.
    Отан үшін отқа оранып,
    Отан үшін жан қиғандар.

    Ел кегін арқалаған асыл жандар,
    Айқасты қасиетті арман үшін.
    Ажалмен арпалысып партизандар,
    Елінің қорғап шықты ар-намысын.
    Қайырмасы.

    Ерлерге арналды бұл көңілді жыр,
    Достықтың туы берік ел күшіндей.
    Жерінде әр халықтың ескерткіш тұр,
    Мызғымас сол бірліктің белгісіндей.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Песни композиторов казахстана